19 наурыз 2021 16:33

Алматыдағы ОҚКА қайтадан ковид госпиталіне айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: almaty-cgkb.kz Фото: almaty-cgkb.kz

Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасы (ОҚКА) қайтадан коронавирус инфекциясын жұқтырғандар жататын госпиталға айналды. Мұнда инфекция жұқтырған науқастарға арналған төсектер орналастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасы (ОҚКА) қайтадан коронавирус инфекциясын жұқтырғандар жататын госпиталға айналды. Мұнда инфекция жұқтырған науқастарға арналған төсектер орналастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін желіде ОҚКА науқастарды қабылдамайтындығы туралы ақпарат пайда болды.

"Дәрігер құрамының бір бөлігі госпиталда жұмыс істеуге қалды, ал қалған қызметкерлер ақысыз демалысқа жіберіледі", - деп хабарлады "Бессимптомно" Telegram-арнасының оқырмандары.  

Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі 12 наурызда ОҚКА-да науқастарға 80 орын ашылғанын хабарлады. Сондай-ақ, тағы 120 орынды дайындау бойынша жұмыс жүріп жатқанын айтты.

"Қайта бейінделген бөлімшелерден коронавирус инфекцясын жұқтырғандарды емдейтін бөлімге кадрлық ауыстырулар жүріп жатыр.

Бәрі арнайы кесте бойынша жұмыс істейді. Сондықтан барлық қызметкер медициналық көмек көрсетуге қатысады, демалысқа ешкім жіберілмейді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2020 жылы ОҚКА коронавирусқа байланысты бірнеше рет дауда қалды. Онда аурухана қызметкерлері арасында инфекция жұқтыру дерегі өршігені белгілі болды. Дәрігерлердің жаппай коронавирус инфекциясын жұқтыруына қатысты іс Бас прокуратураға берілген.

Ол кезде Алматының бас санитария дәрігері қызметінде Айзат Молдағасимова болған еді. Ол дәрігерлерді қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін айыптады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети