11 қазан 2021 17:24

Алматыдағы орталық көше неге тарылды? Әкімдік жауабы

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр

Алматыда жүргізушілер қаланың орталық көшелерінің бірінде көлік қозғалысының ұйымдастырылуына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда жүргізушілер қаланың орталық көшелерінің бірінде көлік қозғалысының ұйымдастырылуына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл жазда Алматыда көптеген көшелер жөнделді. Соның ішінде Шаляпин мен Сәтбаев көшелері бар. Бұл көшелерді Щепетков көшесі байланыстырады. Қазан айында, жаңа асфальт төселген соң жолақтар, белгілер, сызықтар салынды.

Алайда кейбір жүргізушілерге қала билігінің жаңа идеясы ұнамады. Көлік жүргізушілері Щепетков бойымен шығыс бағытта тек екі жолақ, ал батыс бағытта үш жолақ қалғанын айтты. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде наразылық көрсетті.

Кейін Алматы әкімдігі жол қозғалысын ұйымдастыру схемасының не себепті өзгертілгенін түсіндірді. Өзгеріс осы көшеде велосипедке арналған жол енгізілуімен байланысты, ол Сәтбаев көшесіне де салынады. Жаңа схема Алматы әкімшілік полиция департаментімен бірлесе отырып, келісілгені айтылды.

"Бұл схема Сәтбаев көшесінің солтүстік жағында және Щепетков көшесінің батыс жағында арнайы веложолдың орналасуын ескере отырып қабылданды. Сонымен қатар, осы схемаға сәйкес солға бұрылыстары бар көшелердің жол қиылыстарындағы жолақтардың санын өзгерту жоспарланған. Бұл жұмыс қазанның соңына дейін жасалады", - деп хабарлады қала әкімдігінің өкілі.

Еске салайық, бұған дейін алматылық жүргізушілер Бөгенбай батыр көшесінің бойындағы автотұрақтардың дұрыс орналаспағанына шағымданған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети