31 тамыз 2022 17:07

Алматыдағы өртенген әкімдік ғимаратын жөндеуге қанша қаражат кетеді?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы әкімдігі қаңтарда өртеніп кеткен қала әкімдігі ғимаратын қалпына келтіру құнын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімдігі қаңтарда өртеніп кеткен қала әкімдігі ғимаратын қалпына келтіру құнын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы құрылыс басқармасында өткен брифингте қаңтарда бұзылған ғимаратты жөндеуге кететін шығын туралы сұрақ қойылды.

"Біз реконструкцияны екі кезеңде жүргіздік. Үш павильонның бірінші кезеңінің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірледік. Құрылыстың жалпы құны шамамен 13 миллиард теңге болады. Ең үлкен, төртінші павильонды қалпына келтіру үшін екінші кезеңдегі жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп жатырмыз, қыркүйектің аяғында жобаны аяқтауды жоспарлап отырмыз. Сметалық құны қорытынды бойынша анықталады, бірақ алдын ала құн - 4 миллиард теңге. Осылайша, ғимаратты қалпына келтіруге 17 миллиард теңгеге дейін қаражат қажет", - деді Алматы қалалық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ұлан Оңалбаев.

Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, ғимараттың қасбеті мүмкіндігінше бұрынғы қалпында сақталады, құрылымдары жеңілдетіледі, бірақ ғимарат бұрынғысына ұқсас материалмен қапталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.8   490.7   4.89 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети