Алматыдағы паранжа киген “гарем“ туралы видеоны полиция тексерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы паранжа киген “гарем“ туралы видеоны полиция тексерді Бейнеден кадр

Желіде "әйелдері" деп аталған паранжадағы әйелдер мен ер адам бейнеленген резонансты видео жарнамалық түсірілім болып шықты. Жағдайға қатысты Алматы полициясының баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде "әйелдері" деп аталған паранжадағы әйелдер мен ер адам бейнеленген резонансты видео жарнамалық түсірілім болып шықты. Жағдайға қатысты Алматы полициясының баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

Әлеуметтік желілерде ер адам мен беті-басын тұмшалаған бірнеше әйелдің қоғамдық орында жүрген видеосы тарады. Кадрларға қарағанда, видео қатысушылар бірінің телефонына жасырын түсірілген көрінеді.

Бұл жарияланым қазақстандық қолданушылар арасында үлкен резонанс тудырды.

Полиция не деді?

Алматы полициясы бұл видео әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықталып, тексерілгенін хабарлады. Ер адам мен паранжадағы әйелдер (әйелдері-мыс) бейнеленген ролик жарнамалық түсірілім екені белгілі болды.

"Видеоның қойылым екені және коммерциялық түсірілім аясында жасалғаны анықталды", - деп хабарлады Алматы ПД.

Сондай-ақ полиция кейбір қатысушылардың іс-әрекетінен әкімшілік құқық бұзушылық белгілері байқалғанын атап өтті.

"Бұл қоғамдық орындарда бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім үлгілерін киюге қатысты", - деді полиция өкілдері.

Тексеріс қорытындысы бойынша қатысушылар жауапкершілікке тартылды.

"Материалдарды қарау нәтижесі бойынша кінәлі тұлғалар ескерту жасау түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олармен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деп толықтырды ПД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар полиция заңнама талаптарын сақтау қажеттігін еске салды.

Еске салсақ, Қазақстанда бет-әлпетті жабатын киім үшін айыппұл енгізілген.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 463.15   542.27   6.19 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер