17 тамыз 2022 15:59

Алматыдағы саябақта сатушы әйел тағы жанжал шығарды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Алматыда Тұңғыш Президент саябағы маңындағы сатушы тағы да төбелес шығарып, видеоға түсіп қалды. Кадрларда әйел шарларды қалай лақтырып жатқаны көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Тұңғыш Президент саябағы маңындағы сатушы тағы да төбелес шығарып, видеоға түсіп қалды. Кадрларда әйел шарларды қалай лақтырып жатқаны көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Назар аударыңыз! Видеода былапыт сөздер айтылған.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, бұл әйел бірнеше рет жауапқа тартылған. Соңғы рет ол ер адамға шабуыл жасап, киімін жыртып тастаған. Былтыр болса, Президент саябағы маңында әшекей бұйымдарын сатып тұрған мүгедек қызбен жанжал шығарған.

Әйел Дулати көшесіндегі саябақ маңында жүгері мен ойыншықтар сатады. Оның айтуынша, жеті бала тәрбиелеп отыр, өзінің де мүгедектігі бар.

"Жыл басынан бері Бостандық ауданы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі әйелді ӘҚБтК-нің мынадай баптары бойынша бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартты: қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін (екі рет), белгіленбеген орында жаппай сауда-саттық ұйымдастырғаны үшін (бір рет) және ұсақ бұзақылық үшін (екі рет)", - деді Алматы қаласы Бостандық ауданының Полиция басқармасы өкілдері.

Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, қазіргі уақытта жергілікті полиция қызметі Президент саябағының кіреберісінде жаппай сауда жасау дерегінің алдын алу үшін осы аумақта қосымша жаяу патрульдеу бекеттерін орнатқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети