26 қараша 2018 16:38

Алматыдағы "Сайран" автовокзалында мұз айдыны пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы "Сайран" автовобекетінің вокзал аумағы кеңейіп, жаңа мұз айдыны пайда болады. Бұл туралы Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Оның мәліметінше, сауда саттыққа арналған 100 нысан мен 20 кафе - 120 конструкция бұзылған, ал сол жердегі аумақ абаттандырылды. 

"Ендігіде автовокзал әлдеқайда өзгере түсті, оның алдыңғы жағы ашылды, мұнда үш тілде нұсқаулықтар, паркоматтар, бейнебақылау камералары, фастфуд, Wi-Fi-зоналар, мұз айдыны, заманауи таксамоторлық тұрақтар және билет сататын терминалдар пайда болады", - деді Өскенбаев. 

Сонымен қатар, көлік логистикасы, вокзал маңы кеңейеді және жаяу жүргіншілер зонасы пайда болады. Туристтік автобустар үшін тұрақтар, субұрқақтар, тұрақтар және жасыл аймақтар пайда болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети