Сел жүру қаупіне байланысты Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы Қарағайлы мен Тау Самалы ықшамаудандары жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.
Сел жүру қаупіне байланысты Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы Қарағайлы мен Тау Самалы ықшамаудандары жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.
Қазіргі уақытта Нәжімеденов көшесі, Шапай және Қарағайлы аудандары бағыттары жабылды. Бұл жерден тұрғындарды шығарып жатыр, бірақ көлікте де, жаяу жүргіншілерді кіргізбейді.
Бұған дейін Алматы әкімдігі сел қаупін растаған болатын. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қазір Наурызбай ауданына оқиға орнына барды.
"14 тамызда Наурызбай ауданында сел қаупі жарияланған болатын. Халықты хабардар етіп үлгердік. Эвакуациялық пункттердің мекен-жайы анықталды. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, энергетика қызметкерлеріне жарық пен газды өшіруге тапсырма берді", - деп мәлімдеді төтенше жағдайлар департаменті.