1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Дүрлігуге себеп жоқ - ТЖД өкілдері Алматыдағы сел жайлы

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қалада сел жүру қаупіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"14 тамызда сағат 6.20-да Қарғалы өзенінде ішкі арналардағы су тасыды. Болжам бойынша, секундына 5 текше метр су тасыды. Қазіргі уақыттағы жағдай бойынша, өзендегі су деңгейі 5 метрге төмендеді. Жағдай бірқалыпты, ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Өзен арнасындағы жағдай тұрақты, дүрлігуге себеп жоқ", - деп хабарлады ТЖД өкілдері брифинг барысында.

Осыған дейін Алматы әкімдігі эвакуациялық пункттердің мекенжайларын жариялаған болатын:

1. Ескі әкімдік. Жандосов-Рысқұлов. 
2. Шәймерденов көшесіндегі №175 мектеп. 
3. Жандосов-Яссауи қиылысындағы №158 мектеп.

Сондай-ақ, мұның алдында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың оқиға орнына барғаны хабарланған болатын. Ал кейінірек ТЖД басшысы оқиға орнынан видео жариялаған еді. ТЖД басшысы Серік Әубәкіровтің айтуынша, 14 тамызда сағат 07.11-де Қарғалы өзені арнасындағы жағдай бірқалыпты болды. ТЖД қызметкерлері оқиға орнына барып, жағдайды бақылап отыр. Газ бен жарықты өшіру туралы бұйрық берілді.