Алматыдағы тәртіпсіздік: телеарна бұған дейін жарияланбаған видеоларды көрсетті

Алматыдағы тәртіпсіздік: телеарна бұған дейін жарияланбаған видеоларды көрсетті Видео кадры

КТК телеарнасы Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезіндегі эксклюзив кадрларды жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

КТК телеарнасы Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезіндегі эксклюзив кадрларды жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның ішінде Алматыдағы тәртіпсіздіктердің алғашқы сағатындағы дроннан түсірілген кадрлар да бар. Видеода ұйымдасқан топ қала орталығына жолай көліктерді өртеп, полицейлерге шабуыл жасап кетіп бара жатқаны көрсетілген.  

Сонымен қатар, телеарна 5 қаңтарға қараған түні әкімдіктегі кіреберісте түсірілген видеоларды көрсетті. Видеода дубинамен қаруланған топ тек қалқанмен қорғанған полицейлерді қысып жатқаны көрсетілген. 

Одан бөлек, әкімдіктің арт жағында түсірілген видео бар. Ол жерде әскерилер мен полицейлерді тізерлетіп, ұрып, олардан формасын шешіп алып жатқаны көрсетілген. 

Соңғы видео 5 қаңтарда кешкі уақытта президент резиденциясына қарама-қарсы және әкімдіктен сәл жоғары орналасқан мемлекеттік музейдегі бақылау камерасына түсіп қалған. Видеода бетін жауып алған белгісіз адамдар көшеде намаз оқып жатқаны көрсетілген.  

Еске салайық, бұған дейін ІІМ қаңтар да Қазақстанның бірнеше өңірінде болған жаппай тәртіпсіздіктің жаңа кадрларын жариялаған болатын. 

"Тонауға отбасымен келген". Magnum қаңтар оқиғалары кезіндегі кадрларды жариялады

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети