07 ақпан 2022 12:21

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде лаңкестер мен тонаушылар не істеді? Жаңа видеолар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде лаңкестер мен тонаушылар әрекеті түсіп қалған жаңа видеолар жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде лаңкестер мен тонаушылар әрекеті түсіп қалған жаңа видеолар жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода тәртіпсіздіктерге қатысушылар жерде жатқан полицейлер мен әскерилерді қалай ұрып-соғып, тепкілегені көрсетілген. Олар құқық қорғау органдарының қалқандары мен дулығасын тартып алып, сондай-ақ оларды киімдерін шешуге мәжбүрлейді. Видеоға қарағанда, бұл әрекеттер қалалық әкімдік ғимараты маңында болған.

Тағы бір видео "Самал-1" ықшамауданындағы Орталық мемлекеттік музейдің бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрларда екі ер адам сыртқы киімдерін жерге төсеп, намаз оқып жатқаны көрінеді. Бейнебақылау камерасындағы уақытқа қарағанда, оқиға 5 қаңтарға қараған түні сағат 22.00 шамасында болған.

5 қаңтарда Алматы әкімдігі ғимаратына жасалған шабуыл кезінде бүлікке қатысушылар немесе куәгерлер тағы екі видео түсіріп алған. Кадрларға қарағанда, құрылым әлі де ішінара өртеніп жатыр, кейін ол толық жалынға оранады. Бұл кезде көпшілік Республика алаңында жүргені көрінеді. Әкiмдiк ғимаратының дәл алдында оншақты ер адам жүр.

Келесі видеода қала әкімдігінің өртеніп жатқан ғимараты алдында дулыға киіп, таяқ ұстаған ер адам суретке түсіп жатқаны түсірілген.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі қаңтарда Қазақстанның бірнеше облысында болған тәртіпсіздіктер түсірілген кадрларды жариялаған болатын. Кейін қазақстандық телеарналардың бірі Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезіндегі эксклюзив кадрларды жариялады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети