17 қаңтар 2022 | 11:37

Алматыдағы тәртіпсіздіктер: 766 "Сергек" камерасы бүлінген

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде құны 500 миллион теңгеге жуық бейнебақылау камералары бүлінген. Бұл туралы әкімдіктің штаб отырысында Цифрландыру басқармасы басшысы Баян Қоңырбаев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде құны 500 миллион теңгеге жуық бейнебақылау камералары бүлінген. Бұл туралы әкімдіктің штаб отырысында Цифрландыру басқармасы басшысы Баян Қоңырбаев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Спикердің айтуынша, қалада 11 мыңнан аса бейнебақылау камералары Полиция департаментінің жедел басқару орталығына біріктіріліп, олар арқылы тәртіпсіздіктер мен тонауға қатысушылар бақылауға алынған. Қаңтардағы оқиғалардан кейін Алматыда 766 "Сергек" камерасы бүлінген.

"17 қаңтарда таңертең 485 "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешені қалпына келтіріліп, жедел басқару орталығына қосылды. Оның 20-сын бүгін таңғы сағат 7-де қостық. 75-тен астамын кешенді тонаушылар бұзды, бірақ 30-дан астамын қалпына келтірдік. Қалпына келтіру бойынша жалпы сома 250 миллион теңгеден аспайды. Барлық кешенді биыл қаңтардың аяғына дейін толық іске қосуды жоспарлап отырмыз", - деді Қоңырбаев.

Сондай-ақ, ол саябақтарда, скверлерде "Адам көп жиналатын орындардағы жағдайды бейнебақылау жүйесінің" 1000 камерасы бар екенін айтты. Тәртіпсіздік кезінде шабуылдаушылар оның 242-сін зақымдаған.

"Тонаушылар бұл камераларды әдейі қиратты. Камералар 30 есеге дейін ұлғайту мүмкіндігімен жақсы жабдықталған. Өндірушімен тікелей хабарласқанымызда, қоймаларда бұл камералар жоқ екен. Болжалды жеткізу уақыты - 2022 жылдың наурызы. Бірақ қазір оларды басқа өндіруші камераларына ауыстыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Қаржыландыру республикалық бюджеттен бекітілген. Жалпы сома 226 миллион теңгеден аспайды", - деді ол.

Қоңырбаев аула аумақтары мен кіреберістерде 400-ден аса камера орнатылғанын айтты. Биылғы шілдеге дейін тағы да осындай 3500 камера орнату жоспарланған.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев камераларды қирату - тонаушылардың емес, лаңкестерің ісі екенін айтты.

"Қарапайым мародер оны білмейді. Себебі олар мақсатты түрде қиратқан, олар алдын ала дайындалған адамдар. Бейнекамералардың "өзегін" қиратқан. Не істеу керегін білді, қарапайым мародер одан бейхабар. Яғни не қайда орналасқанын білген, дайындалған, нағыз қылмыскер, террористер. Өзіміз де нысандарды аралаған кезде барлық жерде серверлерді тауып алғанын көрдік. Бәрін тауып, көзін құртқан. Яғни нысандарға кіріп, бірінші кезекте серверлерін құртқан", - дейді Сағынтаев қалалық штаб отырысында.  

Алматыда 9 полицей қаза тапқаны белгілі болды

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Тұрғымбаев Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалар хронологиясын баяндады

Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді

5 қаңтарда үкімет отставкаға кетті, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, сұйытылған газ, бензин және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді. Алайда толқу күшейе түсті. Алматы қаласы қатты зардап шекті. Бүлікшілер әкімдік ғимаратын өртеп жіберді, Президент резиденциясын басып алды, дүкендерді, сауда орталықтарын, банк кеңселері мен банкоматтарды қиратып, тонады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, "ҚазМұнайГаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.

6 қаңтарда Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. ҰҚК-нің жаңа басшысы болып Ермек Сағымбаев тағайындалды. Дәл осы күні ҰҚК Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі бойынша "Мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал 10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген шығын 12 қаңтарда 100 миллиард теңгеден асты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер саны анықталып жатыр, әлі белгісіз.

11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети