19 қаңтар 2022 16:54

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде көлігі бүлінгендердің шығыны өтелуі мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров көлігі қаладағы тәртіпсіздіктер кезінде бүлінгенін дәлелдеген жүргізушілерге келтірілген шығынды өтеу мәселесі қарастырылып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров көлігі қаладағы тәртіпсіздіктер кезінде бүлінгенін дәлелдеген жүргізушілерге келтірілген шығынды өтеу мәселесі қарастырылып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ӨКҚ брифингінде әкімдік өкілдерінен қаладағы тәртіпсіздік кезінде бүлінген көліктер мен пәтерлер иелеріне мемлекет шығынды өтей ме деген сұрақ қойылды.

Әкім орынбасары Ілияс Өсеров зардап шеккен кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға өтемақы төлеу әлі басталмағанын, өйткені өтемақы төлеу ережелері жақында ғана әзірленгенін және әлі қабылданып жатқанын айтты. Бұл ережелерді үкіметтік комиссия әкімдікке жеткізген кезде тұрғындар назарына ұсынылады.

"Халықтың тікелей жеке мүлкіне келетін болсақ, бұл мәселелерді де пысықтаймыз. Көп жеке автокөлік зардап шеккені түсінікті, жай зақымданғаны, өртеніп кеткендері бар. Бұл мәселені де қарастырып жатырмыз, зардап шеккен халық, мүмкін полицияға арыз беру керек шығар, егер олардың залалы шын мәнінде расталса, оны өтеу мәселесін, оның ішінде жеке тұлғаларға да қарастырамыз", - деді әкім орынбасары.

Алматы полициясы тәртіпсіздіктерден кейінгі автопарк жағдайын көрсетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети