30 қараша 2015 | 14:34

Алматыдағы тегін автотұрақшылар жекеменшік қаражаттан қаржыландырылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы әкімдігі © Алматы әкімдігі

Алматыда автомобиль иелеріне көмектесетін тегін автотұрақшылардың жалақысы мемлекеттік бюджеттен төленбейді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Алматы спецтехпаркинг Сервис" ЖШС директоры Марат Пірінбеков айтып берді. Бұған дейін әкімдік автотұрақтарда енді бір ғана ұйымның жұмыс істейтінін, олар жүргізушілерден ешқандай ақша алмайтынын хабарлаған болатын.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда автомобиль иелеріне көмектесетін тегін автотұрақшылардың жалақысы мемлекеттік бюджеттен төленбейді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Алматы спецтехпаркинг Сервис" ЖШС директоры Марат Пірінбеков айтып берді. Бұған дейін әкімдік автотұрақтарда енді бір ғана ұйымның жұмыс істейтінін, олар жүргізушілерден ешқандай ақша алмайтынын хабарлаған болатын.

Пірінбековтің айтуынша, олар бұл жұмысқа 83 адам тартқан, олардың 66-сы қазір жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін автотұрақ қызметкерлері айына 25 мың теңге алса, енді олардың жалақысы 70 мың теңгеге дейін көтерілді. "Біздің компания шаруашылық есепке негізделген. Біз қаражатты өзіміз табамыз. Бюджеттен бір теңге де төленбейді. Бұл компанияның қаражаты, - деді ол. - Бұдан бізге ешқандай пайда жоқ. Бұл адамдардың санитарлық нормаларды сақтауы мен автотұрақтардың дұрыс болуына негізделген саяси шешім".

Пірінбеков тегін автотұрақ қызметін енгізу туралы сұраққа жауап бере отырып, автотұраққа қолма-қол ақша төлеуге шектеу қойғаннан кейін тәртіп болмағанын айтты. "Автомобиль жүргізушілері көліктерін қалай болса солай қойып, 10 автомобиль сыятын жерге үш-ақ автомобиль қойылды. Ірі сауда орталықтары мен базарлардың алдында көліктердің кіріп-шығуы қиындады. Көп шағым түсті, сондықтан да осындай шешімге келдік", - деді ол.

Оның айтуынша, мұндай орындардың саны шамамен 70, қазір 53 орында бақылау жүргізіліп жатыр. "Неге ойлай? Себебі бұл жерде адами фактордың маңызы зор - адам ауырып қалады, жұмысқа келмей қалады, оның орнын ешкім бақыламайды. Қалада бақылаушы тұруға тиіс орындар бар, дегенмен мен барлық жерге адам қоя алмаймын, себебі қаржылық мүмкіндігіміз шектеулі", - деді спикер.

Ол тегін автотұрашылардың Алматыда Ақылы автотұрақтардың бірыңғай жүйесі енгізілгенге дейін жұмыс істейтінін айтты. "Қазір жаңа жүйені енгізуге үлкен дайындық жүргізіліп жатыр, біз халықаралық тәжірибелермен танысып, түрлі жүйені зерттедік. Алматыға сәйкес келуі үшін ең үздік нұсқалардың бірін таңдаймыз. Дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, ол өте күрделі, сондықтан да бастапқыда басқалар кезіккен қиындықтардан қашуымыз керек. Біз Мәскеу және басқа да қалалардың кемшіліктерін білеміз. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін осылардың барлығынан қашқымыз келеді", - деді Пірінбеков.

Ол жүйенің бірнеше саты бойынша енгізілетінін жеткізді. "Біріншісі - 56 автотұрақта - 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін енгізу керек. Бұл шамамен 1700 көлік сыятын аумақ. 2017 жылға дейін 12 мың орынға дейін енгіземіз. 1 қазанға дейін қаланың орталық бөлігі мен адам көп жиналатын орындарды түгел қамтамасыз етеміз", - деді ол.

Еске салайық, 20 қазанда Алматының көлік тұрағы инфрақұрылымын дамыту мәселесіне қатысты өткен жиында 1 қарашадан бастап тротуарлық типтегі автотұрақтарға ақының төленбейтіндігі жазылған еді. Салық төлеу кезінде заңбұзушылықтардың көптеп болуымен және келісімшарттағы міндеттердің орындалмауынан осындай шешім қабылданған. "Бұл тыйымдар сауда орындарындағы, ойын-сауық орталықтары мен әуежай, вокзал және басқа да жер телімдерінде орналасқан автұрақтарға қойылып отыр. Тыйым салу 2016 жылы Алматы қаласындағы Ақылы автотұрақтар жүйесі енгізілгенге дейін қолданылатын болады", - деп жазылған әкімдік жариялаған хабарламада.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети