25 шілде 2016 16:14

Алматыдағы теракт кезінде жарақат алған полицейлердің бірі ауруханадан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы қалалық ІІД © Алматы қалалық ІІД

Алматыдағы теракт кезінде жарақат алған полицейлердің бірі, Алматы қалалық ІІД Жергілікті полициясы қызметінің жол-патрульдік полициясы полкінің қызметкері Мұрат Балтабек ауруханадан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыдағы теракт кезінде жарақат алған полицейлердің бірі, Алматы қалалық ІІД Жергілікті полициясы қызметінің жол-патрульдік полициясы полкінің қызметкері Мұрат Балтабек ауруханадан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Науқас бізге травматикалық шок жағдайында оң иығына оқ жарақатымен түсті. Диагностикалық шаралар, шұғыл ота жасалды. Осыдан кейін науқас жансақтау бөліміне ауыстырылды, оның жағдайы бірте-бірте қалпына келді. Бүгін ауруханадан шығарылды және амбулаторлық емге ауыстырылды. Мұрат Балтабек толықтай жазылғанша біздің бақылауда болады", - деді жедел медициналық көмек ауруханасының бас дәрігері Алмаз Джувашев.

Полицей өз кезегінде қолдау білдірген барлық қазақстандыққа алғысын айтты.

"Бірінші кезекте әріптестерімнің жақындары мен туыстарына көңіл айтамын, олар қылмыстық әрекеттің жолын кесті. Қиын сәттерде қаһарман-полицейлерге материалдық көмек көрсеткен, ал бізге қолдау білдірген отандастарыма алғыс айтамын. ІІМ басшылығына, әріптестеріме, дәрігерлерге ерекше алғыс айтамын. Олардың өз кезінде көрсеткен көмегі аяққа тұрып кетуіме сеп болды. Мен жас полицеймін, құқық қорғау органдарындағы жұмыс өтілім бір жылға да жетпейді. Бұл жағдай менің қылмыспен күресуге және азаматтарды қорғауға деген ынта-жігерімді тоқтатпады, керісінше, мен қызметіме тезірек оралуға асығамын, сапқа қайта тұратын күндерімді санайтын боламын, қалада тәртіпті қамтамасыз етіп, Отаныма қызмет етуге дайынмын", - деді полицей.

Еске салайық, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан алты адам, оның ішінде төрт полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды, ол бұрын істі болған Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлекбаев болып шықты.

Осыған дейін ІІД тергеу жұмыстары барысында18 шілдеде полицейлерді өлтірді деген күдікке ілінген Руслан Күлекбаевтің жалдамалы пәтерді анықтаған болатын. Полицейлер пәтерде адам өміріне қауіпті заттардың бар-жоғын тексеріп шықты. Алайда, полицейлер пәтерді тінту кезінде қауіпті заттарды таппады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети