03 қараша 2021 09:14

Алматыдағы "Целинный" кинотеатры бұзылмайды - әкімшілік

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

"Целинный" заманауи мәдениет орталығының әкімшілігі ғимаратты сүру туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Целинный" заманауи мәдениет орталығының әкімшілігі ғимаратты сүру туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде Алматыдағы "Целинный" кинотеатрының ғимараты бұзылып жатқаны туралы ақпарат қайтадан пайда болды. Желі қолданушыларының айтуынша, құрылысшылар ғимаратты қоршап, қасбетін бөлшектеген.

Ғимаратқа иелік ететін "Целинный" заманауи мәдениет орталығының әкімшілігі кинотеатрды бұзу емес, қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын тағы да айтты. Жұмыс тамыздан бері жүргізіліп жатыр.

Сурет: "Целинный" заманауи мәдениет орталығы

"Бүгінде нысанда кіреберіс блок құрылымдарын, ортаңғы блокты және солтүстік жағынан жартылай бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, әмбебап зал құрылымын нығайту жұмыстары жүргізіледі. Ортаңғы блоктың металл конструкциялары дайындалған", - деді "Целинный" заманауи мәдениет орталығының директоры Жәмила Нұрқалиева.

Сурет: "Целинный" заманауи мәдениет орталығы

Сондай-ақ, "Целинный" Евгений Сидоркиннің сграффитосы бар қабырға жаңғыртылып жатқанын хабарлады. Сграффито бар негізгі қабырға қалпына келтіру үшін үлкен блоктарға сәтті бөлшектелген.

Бұған дейін алматылықтар "Целинный" кинотеатрының тағдырына алаңдаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети