1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматылықтар "Целинный" кинотеатрының тағдырына алаңдады 28 қыркүйек 2021, 13:36

Әлеуметтік желіде  бұрынғы "Целинный" кинотеатрының бұзылғаны түсірілген суреттер пайда болды, желі қолданушыларының айтуынша орнына заманауи
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: ҚР орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалары мұрағаты, Олег Ямщиков Фото: ҚР орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалары мұрағаты, Олег Ямщиков

Әлеуметтік желіде  бұрынғы "Целинный" кинотеатрының бұзылғаны түсірілген суреттер пайда болды, желі қолданушыларының айтуынша орнына заманауи мәдениет орталығы ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы тарихи ғимараттарды қорғау топтарында бөлшектелген "Целинный" кинотеатрының суреттері пайда болды. Желі қолданушылары ғимаратты бұзып толықтай қалпына келтіргенге ашуланып, басшылық кинотеатрдың бұрынғы келбетін сақтауға уәде берген еді ғой деп реніштерін жазды.

Фото Олег Ямщиков/Facebook

"Целинный" заманауи мәдениет орталығында кинотеатрдың бұрынғы ғимараты бұзылмайтынын, оның сейсмикалық күшейтілетінін хабарлады. Ғимараттың беті бұзылғанымен тірек құрылымдары өз орнында қалды деп сендірді.

"Ғимараттың іргетасы, суретші Сидоркиннің 60-шы жылдардағы граффити қабырғасы, ғимараттың өзі бұзылмайды. Фойе мен көрермен залы қалады. Ғимарат салынған сәттен бастап сейсмикалық төзімділік нормалары үш есеге артты. Осы жобаны келісу барысында біз сейсмикалық қауіпсіздік туралы қорытынды алу үшін ҚазҚСҒЗИ мен басқа да ұйымдарға үш рет жүгіндік. Екі рет бізге оны сақтау мүмкін емес екенін айтты. Біз ғимарат пен оның сәулеттік тұжырымдамасын сақтау үшін бәрін жасадық. Ғимараттың сыртқы келбетін барынша сақтау үшін осы жобада жұмыс істеген жұмысшыларды таптық. Қазір ғимараттың алды бұзылған өйткені бүкіл құрылымды күшейту қажет", - деді "Целинный" заманауи мәдениет орталығының директоры Жәмила Нұрқалиева.

Мәдениет орталығы директорының айтуынша, ғимаратты қайта құру кезінде табылған кеңестік суретші Сидоркиннің құнды панелі қабырғаны кесу арқылы алынып, қайта құрудан кейін ол бұрынғы орнына оралады.

Өткен жылы таныстырылған "Целинныйды" қайта құрудың бастапқы жобасы өзгерістерге ұшырады. Қоғамдық тыңдауларда сынға ұшырағаннан кейін, кейбір қоғам өкілдерінің пікірінше, көрші үйлердің тұрғындарына кедергі келтіретін мөлдір беті ғимараттың сәулетіне өзгерістер енгізілді. Ғимараттың сырты күн сәулесінен қорғайтын ламелалармен жабылады. 

Қайта жаңартуды 2023 жылдың басында 18 ай ішінде аяқтау жоспарланып отыр, алайда мәдениет орталығының техникалық ашылуы 2023 жылдың соңында өтуі мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram