24 ақпан 2014 15:50

Алматыдан 10 мың текше метрден артық қар шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Ақпанның 24-іне қараған түні Алматы көшелерінен 10 мың текше метрден артық қар шығарылды деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына сілтеме жасап. Мамандардың мәліметінше, қар жауа бастаған кезде қалада көше сыпыратын және қар күрейтін арнайы техникалардың колоннасы ұйымдастырылған, оларды жол полициясы басқармасы көліктері жетелеп жүрді. Жолдарға құм-хлоридті қоспа себілді, 24 ақпан күнгі таңға дейін мұндай қоспаның төрт тоннасы жұмсалды. Ақпанның 24-іне қараған түні қала көшелерінен 10 862 текше метр қар шығарылған. Қыс мезгілінде коммуналшылар қаладан барлығы 381 854 текше метр қар шығарып отыр. Қала көшелерін қардан тазалаумен 679 арнайы техника мен 895 жұмысшы айналысып жатыр. Қар күреу жұмысын бақылау үшін аудандық әкімдіктерде кезекшілік ұйымдастырылды. Айта кетейік, қалада қар жабынының биіктігі 20 см-ге жетті, таулы аудандарда - 30 см. Мамандардың айтуынша, Алматыда аяз әлі де күшейе түсуі мүмкін. Ел аумағына келетін циклонның әсерінен солтүстікте ауа температурасы 35 градусқа, оңтүстікте 20 градусқа төмендейді. Бұл - климаттық нормадан 8-15 градусқа төмен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети