Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Алматыдан 586 шақырымда жер сілкінісі болды

27 Қазан 2014, 16:55
0
©Maps.yandex.ru
©Maps.yandex.ru

Қазақстан аумағында Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 586 шақырымда магнитудасы 3,9-ға тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция" ММ сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметінеш, 27 қазан күні Астана уақыты бойынша сағат 14 сағат 11 минут 56 секундта жерсты дүмпулері 5 шақырым тереңдікте тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында болған. Айта кетейік, 16 қазанда Тараз маңында магнитудасы 3,6-ға тең жер сілкінісінің болғаны хабарланған еді. Жерасты дүмпулері Астана уақытымен 5 сағат 23 минутта тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Тараздан 72 шақырым қашықтықта және Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 522 шақырымда болған.

14 қазанда магнитудасы 4,8 болатын жер сілкінісі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 342 шақырымда тіркелді. Эпицентрі Қытай аумағында, Ақсу қаласынан 27 шақырымда және Қырғызстанның Қаракөл қаласының оңтүстік-шығысынан 199 шақырымда болды. Жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қирандылар туралы дерек жоқ. 

Бұған дейін 25 қыркүйекте Астана уақытымен 23.59 уақытта Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында тіркелген еді. Оның магнитудасы 4,8 болды. Жерасты дүмпулері 14 шақырым тереңдікте тіркелген. Эпицентрі Бішкектен солтүстік-батысқа қарай 64 шақырымда және Қара-Балта (Қырғызстан) қаласынан солтүстікке қарай 44 шақырым жерде анықталды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай