1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыдан Алакөлге қосымша пойыз қатынайтын болды 12 маусым 2021, 16:17

Алматыдан Алакөлге қосымша пойыз қатынайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматыдан Алакөлге қосымша пойыз қатынайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Жолаушылар тасымалы" АҚ өкілдері жазғы кезеңде сұраныс артуына байланысты "Алматы-2 - Достық" қосымша пойызы іске қосылатынын хабарлады. Ол аптасына 2 рет жүреді:

  • Алматы-2 станциясынан 2021 жылдың 15 маусымынан 28 тамызына дейін сейсенбі және сенбі күндері жөнелтіледі;
  • Достық станциясынан 2021 жылдың 16 маусымынан 29 тамызына дейін сәрсенбі және жексенбі күндері келуімен/жөнелтілуімен;
  • Алматы-2 станциясына 2021 жылдың 17 маусымынан 30 тамызына дейін бейсенбі және дүйсенбі күндері. 

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан ресми сайт немесе "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасы арқылы онлайн жол жүру құжаттарын (билеттерін) рәсімдеуді сұрады. Қажет болған жағдайда теміржол билеттерін сатып алу үшін "Күту парағы" функционалын пайдалануға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!