Алматыдан Қарағандыға енді 6000 теңгеге ұшып баруға болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдан Қарағандыға енді 6000 теңгеге ұшып баруға болады

2 мамырда FlyArystan әуекомпаниясы Алматы - Қарағанды - Алматы бағыты бойынша тұрақты рейсті бастайды. Билет бағасы 6 000 теңге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

2 мамырда FlyArystan әуекомпаниясы Алматы - Қарағанды - Алматы бағыты бойынша тұрақты рейсті бастайды. Билет бағасы 6 000 теңге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әуекомпания Алматыдан Қарағандыға бір сағат, 30 минутта жеткізеді. Билеттер компанияның сайтында сатылып жатыр. Бұл үшін 180 орны бар реактив Airbus A320 әуелайнерлері қолданылады.

"Қарағанды - әуе хабарлама жоғары сұранысқа ие Қазақстандағы төртінші қала. Енді оңтүстік астанадан Қазақстан орталығына жету қол жетімдірек әрі ыңғайлырақ болады. Отандастарымыз қазақстандық алғашқы лоукостер FlyArystan-ды дұрыс бағалайды деген үміттеміз", - деді сатылым және маркетинг директоры Жанар Жайлауова. 

Бұған дейін FlyArystan Нұр-Сұлтаннан Алматыға 7000 теңгеге рейстер ашқаны хабарланған еді. Бұл рейс 1 мамырдан бастап ұшады. 

FlyArystan әуекомпаниясы Алматыдан Таразға және Оралға ұшатын рейстерді ашқан болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.02  course down  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети