Алматыдан ұшқан Air Astana ұшағы оралуға мәжбүр болды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдан ұшқан Air Astana ұшағы оралуға мәжбүр болды Сурет Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматыдан ұшып шыққан Air Astana ұшағы қайта әуежайға қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыдан ұшып шыққан Air Astana ұшағы қайта әуежайға қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Авиакомпанияның мәліметінше, KS 863 Алматы-Ақтөбе бағытындағы ұшақ Алматыдан 05.30-да ұшқан.

"Техникалық себептерге, қону әуежайында техникалық қызмет көрсетілмеуіне байланысты ұшақ командирі әуежайға қайту туралы шешім шығарған. Қону әдеттегідей қалыпты өтті", - делінген хабарламада.

Ұшақ 15.40-та ұшады деп жоспарланып отыр. Жолаушыларға тамақ пен сусын беріледі.

Еске салайық, осыған ұқсас оқиға 9 тамызда болған. Air Astana әуе компаниясының Алматы-Тбилиси бағытындағы ұшағы 20.30-да ұшып шығып, найзағай түсуі мүмкін деген себеппен Алматы әуежайына қайта оралды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 486.16   555.05   6.51 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +26
Астана +28
Ақтау +26
Ақтөбе +26
Атырау +31
Б
Балқаш +28
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +26
К
Көкшетау +24
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +32
П
Павлодар +25
Петропавл +31
С
Семей +29
Т
Талдықорған +28
Тараз +32
Түркістан +26
О
Орал +28
Ө
Өскемен +30
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер