Алматыға қанша қар жауды?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматыда қалың қар жауып, қала көшелерінен тәулігіне 9 600 текше метр қар шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда қалың қар жауып, қала көшелерінен тәулігіне 9 600 текше метр қар шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

Қазгидромет деректеріне сәйкес тәулігіне 18 сантиметр қар жауған, бұл - қаңтардағы норманың 31 пайызы. Каменскоеда 21 сантиметр, ал Медеуде 12 сантиметр қар жауған.

"Түнде көшелерді тазалау үшін 573 арнайы техника, сондай-ақ, 711 жол жұмысшысы жұмылдырылды", - деп жазылған әкімдік хабарламасында.

22 қаңтарда кештен бастап 26 техника колоннасы жол полициясының патрульдік машиналарымен бірге қар күреген. 23:30-да басталған қалың қардан кейін қарды қайта сыпыру таңғы 4:00-ден бастап ұйымдастырылған.

"Күндіз 475 арнайы техника мен 1280 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Шағын көлемді техниканың 95-ін пайдалана отырып, тротуарлар, қоғамдық кеңістіктер және әлеуметтік маңызы бар нысандарға кіреберістер тазаланды. Сондай-ақ, қоғамдық көлік аялдамалары мен жер үсті өткелдерін қолмен тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған әкімдік мәліметінде.

Аудан әкімдіктерінде қар тазалау жұмыстарын бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша 23 қаңтарда сағат 16:00-ден бастап тәуліктің соңына дейін қар жауады. Ауа температурасы күндіз -5...-7°С болады, 24 қаңтарда жауын-шашынсыз, бірақ бұлтты болады. Түнде ауа температурасы -18... -20°С, күндіз -12...-14°С дейін төмендейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.01  course up  530.45  course up  5.23  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer