30 наурыз 2021 14:53

Алматыға қазақстандық вакцинаның 6 мың дозасы жеткізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыға QazCOVID-in қазақстандық вакцинасының 6000 дозасын, сондай-ақ "Спутник V" вакцинасының 65 000 дозасын жеткізу жоспарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыға QazCOVID-in қазақстандық вакцинасының 6000 дозасын, сондай-ақ "Спутник V" вакцинасының 65 000 дозасын жеткізу жоспарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте сәуірде "отандық вакцинаның 6000 дозасын қабылдау жоспарланып отырғанын" айтты. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев ресейлік вакцинаның жоспарлы түрде жеткізілгенін де айтты.

"Алматыда сәуірде жаппай вакцинация басталады. Вакцинация пункттерін 250 жерде орналастыру жоспарланып отыр. Негізінен мемлекеттік емханалар, жеке құрылымдағы медициналық мекемелер қамтылған. Бірақ сауда орталықтарын да тартуға болады. Келіссөздер жүргізіліп, жұмыс тобы құрылды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың мәлімдемесіне сүйенсек, Алматыға 65 000-нан аса "Спутник V" вакцинасын әкелу жоспарланған", - деді Нариман Табынбаев.

Брифингте қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысына Алматыдағы жеке медициналық орталықта ресейлік вакцинаны ақылы түрде егу ұсынылғанын хабарланды. Алайда ол бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Вакцинация мәселесі Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Барлық вакциналар арнайы органмен "СҚ-Фармация" ЖШС арқылы өңірлерге таратылады. Алматыда "СҚ-Фармация" ЖШС қызметкерлері препаратты қалалық вакциналар қоймасына жеке апарып тапсырады. Алматыға басқа вакциналардың жеткізілгені туралы туралы мәлімет жоқ", - деді ол.

Нариман Табынбаев жаппай вакцинация адамның қай жердегі ауруханаға тіркелгеніне қарамастан тегін жүргізілетінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети