12 наурыз 2024 16:37

Алматыға Мәскеудің 15 бренді келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей астанасының белді киім, аяқкиім және басқа да күнделікті керек заттар өндірушілері Мәскеу экспорт орталығының қолдауымен болашақ ықтимал серіктестеріне өз өнімдерін таныстыруға ынталы. 15 мәскеулік бренд өкілдерінен тұратын делегация 11-13 наурыз күндері Алматыдағы Central Asia Fashion халықаралық сән көрмесіне қатысып жатыр.


Ресей астанасының белді киім, аяқкиім және басқа да күнделікті керек заттар өндірушілері Мәскеу экспорт орталығының қолдауымен болашақ ықтимал серіктестеріне өз өнімдерін таныстыруға ынталы. 15 мәскеулік бренд өкілдерінен тұратын делегация 11-13 наурыз күндері Алматыдағы Central Asia Fashion халықаралық сән көрмесіне қатысып жатыр.

Осы орайда көрші ел компанияларының экспортта танылып үлгергенін айта кеткен жөн. Мәселен әйелдер бас киімдері мен орта плюс сегментіндегі, премиум, дизайнерлік киімдер Кувейтте, Ұлыбританияда, Қазақстанда, Нидерландыда, Беларуссияда, Израильде және Қазақстанда сұранысқа ие болса, ал Египетке, Қытайға және Түркияға "жайлы" деңгейіндегі ортопедиялық аяқ киім топтамасы жеткізілуде. Бизнес-миссияның қалған қатысушылары алғаш рет өз өнімдерін шетелдік нарықта ұсынбақ. Бұл премиум былғарыдан және жүннен жасалған сыртқы киімдер мен аксессуарлар, әйелдер мен ерлерге арналған дизайнерлік киімдер, түйе жүнінен және басқа да табиғи материалдардан жасалған киім, сырт киім, кашемир, трикотаж, оқу киім-кешегі мен күнделікті балалар киімі, былғарыдан жасалған сөмкелері және тағы басқа.

Іскерлік миссия аясында 12 наурызда Мәскеу брендтері дефилесі өтеді.

Мәскеу экспорт орталығының бас директоры Виталий Степанов Қазақстан нарығы мәскеулік компанияларда зорқызығушылығық тудыруда екенін, оны сауда-саттық барысынан көріп отырғандарын айтады. Осы орайда Мәскеу жеткізушілерінің өнімдері мен қызметтеріне мүдделі Қазақстан компаниялары ақысыз негізде ең қолайлы ұсыныстарды қарастырып, Ресей астанасының компаниялары туралы толық және өзекті ақпаратты ұсынуға әзір Мәскеу экспорт орталығына жүгіне алады.

"Мысалы, Ресей астанасының дизайнерлері Қазақстанға балалар киімдерін, кешкі киімдер мен аксессуарларды жеткізіп жатыр. Бұл үрдісті қолдау үшін Мәскеу экспорт орталығы Central Asia Fashion көрмесі аясында бизнес-миссия құрамында 15 мәскеулік сән брендінің қатысуын ұйымдастырды. Келіссөздер барысында кәсіпкерлер жаңа шетелдік серіктестер таба алатынына сенімдімін", - деп атап өтті ол.

Ресейдің Қазақстандағы сауда өкілдігінің дерегінше, Мәскеу-екі ел арасындағы өңіраралық ынтымақтастықтың жоғары қарқынына үлес қосып отырған ең белсенді ресейлік өңірлердің бірі. Мәскеу экспорт орталығы болса, қала кәсіпкерлеріне шетелдік нарықтарда өнімдерін насихаттау мақсатында қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын ұсыну үшін құрылған.

Жарнамалық материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети