Алматылық атқыш Күлікбаевқа қатысты қандай баптар бойынша тергеу жүріп жатқаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.
Алматылық атқыш Күлікбаевқа қатысты қандай баптар бойынша тергеу жүріп жатқаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.
Күлекбаевқа қатысты Қылмыстық істің 99-бабының 2-бөлігі ("Адам өлтiру"), 380-бабының 2-бөлігі ("Билік өкiлiне қатысты күш қолдану"), 255-бабының 4-бөлігі ("Терроризм актісі"), 291-бабының 1-бөлігі ("Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу"), 200-бабының 4-бөлігі ("Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу") бойынша айып тағылып отыр екен. Бұл деректер Алматы қаласы жөніндегі ҰҚК департаментінің және Алматы қалалық Алматы аудандық ІІБ бірыңғай тергеу реестрінде тіркелді.
Салтанат Әзірбек. © Роза Есенқұлова
"Жүргізуші жасалған қарақшылық шабуыл мен әйелді өлтіру істері ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі ("Адам өлтіру") және 192-бабының 2-бөлігі ("Қарақшылық") бойынша тергеліп жатыр. Осы қылмыстарды тергеу мақсатында ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылған", - деп хабарлады Салтанат Әзірбек.
Еске салайық, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды,ол бұрын істі болғандығы анықталды. Ол Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлікбаев болып шықты.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізіп, азаматтарды ақпараттық кеңістіктегі арандатушылықтарға сенбеуге шақырды. Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Президенті қаладағы жағдайды тұрақтандыру және қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов Алматыға ұшып, шұғыл баспасөз мәслихатын өткізді. Министр төрт бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.