Алматылық әйелдің "жұмбақ дуасы" Желі қолданушыларын ойландырды

30 Мамыр 2017, 11:29
0
Алматылық әйелдің "жұмбақ дуасы" Желі қолданушыларын ойландырды -

Алматыдағы мейрамхананың алдына келіп, әлдеқандай жоралғы жасаған әйелдің әрекеті Желі қолданушыларын ойландырып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "ВКонтакте" желісіндегі "Я очевидец Алматы" парақшасында бір әйелдің сыпырғы мен қағаз алып, дуа жасағандай болғаны көрінеді.

Оқиға 26 мамырда "У Афанасича" мейрамханасының автотұрағында болған. Шамамен таңғы сағат 6.40-та мекеме алдына ақ түсті Lexus көлігі келіп тоқтайды. Одан қолына сыпырғы мен қағаз ұстаған әйел шығады. Ол мейрамханаға жақындап келіп, айналасын сыпырғандай болады. Осы әрекеті барысында әйел қағазға қарайды. 

Ролик авторы әйел мекеме қожайындарын осындай жолмен дуалағысы келді деп есептейді. Оған Желі қолданушылары да қосылды. Кейбіреулер болса әйелдің ақыл-есі дұрыс емес деп те болжады. 

Ал мейрамхана өкілдері бұл оқиғадан хабары бар екенін айтады. Мекеме менеджері басқа видеобақылау камерасына көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі түсіп қалғанын және полицияға хабар бергенін айтты. 

"Біздің күзеттегілер бастапқыда не болып жатқанын түсінбеді. Амал не, олар шығып үлгергенше әйел кетіп қалып, не істеп тұрғанын біле алмадық. Бұл әрекетті түсіндіре алмаймын. Бұл біздің қызметімізге көңілі толмаған клиент деп есептемеймін. Қызметкерлеріміз мұндай адам біздің мекемеге келмеген дейді. Меніңше, бұл әйел дуаға сенетін бәсекелестеріміз", - деді менеджер.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай