29 наурыз 2017 17:50

Алматылық балалар "Босс-молокосос" мультфильмін тегін тамашалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен "Нұр Отан" партиясы Алмалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен "Бақытты балалық шақ" партиялық жобасы аясында аудандық оңалту мен мүгедектерді бейімдеу балалар орталығының, ІІБ есебінде тұрған балаларға, демалыс орталықтарының балаларына, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының балаларына арналған мультфильмнің қайырымдылық көрсетілімі өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Балалар қаладағы кинотеатрлардың бірінен жаңа "Босс-молокосос" ("Сәби бастық") атты мультфильмді тамашалады. Жеті жасар Тим жаңа туған інісінен ата-анасын қызғанады. Сәби де осал емес - өспей жатып-ақ көшбасшы қасиеттеріне ие, іскер костюммен жүреді және түрлі бизнес-тірліктермен айналысады. Бірде әлемде махаббат сезімін жоюды мақсат еткен зұлымдар пайда болады. Бұған қарсы тұру Тимнің бір өзінің қолынан келмейді. Сол себепті, ұнатпаса да, інісімен күш біріктіруіне тура келеді.

Айта кетейік, балалар қаламыздың дамуының барлық кезеңін көрсететін "Алматы қаласы мұражайларының бірлестігі" КМҚК Алматы музейіне де барып, қызықты эскурсия жасады. Музейде 11 зал, Алматы шахарының тарихынан сыр шертетін 40 мыңнан аса экспонат бар.

Игі шара мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған отбасы мен көпбалалы отбасылардың балаларының мәдениет пен өнерге деген сүйіспеншілігін оятып, эстетикалық мәдениетін дамыту, рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуды, балалардың көктемгі демалысын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети