1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматылық ғалым 54 миллион теңгелік ғылыми жобаны жеңіп алды 12 сәуір 2021, 17:31

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Филология институтының Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Филология институтының Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Жанар Қиынова жалпы сомасы 54 млн теңгені құрайтын ғылыми жобаны жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқу орнының баспасөз қызметінің жетекшісі Жандар Асанға сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, ҚызПУ ғалымы 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурста жеңімпаз атанған.

Ол ұсынған "Қашықтан оқыту форматында білім беру үдерісін ұйымдастыруда қазақстандық орыс тілі мен әдебиеті ауылдық мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетуде цифрлық контент құру" атты жобасыреспубликалық конкурс талаптарына сәйкес келіп, қаржыландыруға лайық деп танылған.

Жоба 2020-2022 жылдары аралығында жүзеге аспақ. Жоба шеңберінде білім және ғылым саласындағы зерттеулер, жаһандық әлемдегі Қазақстанның мәдени мұрасы мен қазіргі мәдениеті басты назарға алынбақ.

Айта кетейік, Жанар Қиынова - Халықаралық "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты, 100-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектің авторы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!