19 наурыз 2021 18:08

Алматылық қыздың өлімі: туыстары дәрігерлерді кінәлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зәйтүн Құсайынова. Фото: Татьяна Бегайкина Зәйтүн Құсайынова. Фото: Татьяна Бегайкина

2021 жылдың қаңтарында алматылық Зәйтүн Құсайынова қайтыс болды. Бұған дейін оның "қолғабының жоғалғаны" туралы жазған оқиғасы қазақстандықтарды елжіреткен еді. 19 наурызда марқұмның әпкесі дәрігерлер қызды дұрыс емдемегенін, Зәйтүнге дәрі-дәрмекті рұқсатсыз бергенін және оны басқа ауруханаға ауыстыруға рұқсат бермегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2021 жылдың қаңтарында алматылық Зәйтүн Құсайынова қайтыс болды. Бұған дейін оның "қолғабының жоғалғаны" туралы жазған оқиғасы қазақстандықтарды елжіреткен еді. 19 наурызда марқұмның әпкесі дәрігерлер қызды дұрыс емдемегенін, Зәйтүнге дәрі-дәрмекті рұқсатсыз бергенін және оны басқа ауруханаға ауыстыруға рұқсат бермегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін, 19 наурызда Зәйтүн Құсайынованың әпкесі "Врачи РК! У кого и где лечиться" парақшасында жазба жариялады. Ол Зәйтүнді емдеу шарасы кезінде дірігерлер қате жібергенін мәлімдеді.

"Зәйтүн №7 қалалық ауруханаға 2021 жылдың 14 желтоқсанында емделуге келіп, онда бір айдан аса уақыт болды. Ол 20 қаңтарда реанимацияда көз жұмды. Емдеу барысында көп қате кеткен. Соның кесірінен қайтыс болды. Реанимацияда катетерді орнату кезінде дәрігерлер кінәсінен қан тамыры зақымданып, одан қан кеткен. Салдарынан анемия және ағзадағы ақуыз төмендеп кеткен. Ол қызыл жегі және целиакпен ауыратындықтан, оған қан құрамындағы ақуыз көрсеткішін төмендетуге болмайды. Ал қан кету тіпті жағдайын ауырлатып жіберген.

24 желтоқсанда оған "Альбумин" салуды бастады. Зәйтүн ол дәріні көтере алмайды. Мен препаратқа төзімсіздігі туралы бірнеше рет ескерттім. Бірақ дәрігерлер оны қолдануды жалғастыра берді. Зәйтүн ағзасының реакциясы қандай болатынын білу үшін препаратты бір рет егуге келісімін берді.

Алғашқы екпеден кейін жағдайы күрт нашарлады, денесі ісініп кетті. Одан кейін екпе салуды тоқтату керек болған еді. Алайда 10 күн, 4 қаңтарға дейін ешкімге хабарламай екпе салып келген", - деп жазады марқұмның әпкесі.

Жазбада жаңажылдық демалыс күндері Зәйтүнге ешкім қарамағаны айтылған. Ал 4 қаңтарда жағдайы нашарлап, сол жақ көзін аша алмай қалған. Кейін бірнеше рет басқа ауруханаға ауыстыруды сұраған. Бірақ дәрігерлер рұқсат бермегені айтылады.

Фото: Facebook

Алматы полиция департаменті мәліметіне сүйенсек, дерек бойынша арызды тіркеліп, Наурызбай аудандық полиция басқармасына жіберілген.

"Қазіргі уақытта қолданыстағы регламентке сәйкес, материал Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне жолданды, оның қорытындысы негізінде түпкілікті шешім қабылданады", - деп хабарлады Алматы ПД өкілдері.

Tengrinews.kz тілшісі бұл жағдай бойынша Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасына және Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігіне хат жолдады.

Айта кетейік, 2020 жылдың қараша айында Алматыда автобустардың бірінде 5 жыл киген қолғабын жоғалтып алған Зәйтүн Құсайынованың оқиғасы қазақстандықтарға ерекше әсер еткен болатын. 2020 жылдың желтоқсанында Зәйтүн қызыл жегі ауруы асқынып, бір айдан кейін қайтыс болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети