06 қазан 2020 11:32

Алматылық метроның жаңа директоры тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айдын Оразханов. Фото: metroalmaty.kz Айдын Оразханов. Фото: metroalmaty.kz

Айдын Оразханов "Метрополитен" КМК директоры болып тағайындалды. Ол 2016-2018 жылдар аралығында да осы ведомствоны басқарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы Қалалық мобильділік басқармасы басшысының тиісті бұйрығы 2020 жылдың 2 қазанында шыққан. Метрополитен қызметкерлеріне жаңа басшыны Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ерлан Маматұлы Әділов таныстырды.

Айдын Оразханов "Пайдалы  кен орындарын барлау  техникасы мен технологиясы" мамандығы бойынша Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, сондай-ақ М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын, "Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану" мамандығы бойынша магистратураны бітірген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети