28 мамыр 2018 09:03

Алматылық оқушыдан сероз менингиті анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласындағы №165 мектеп-лицейінде сероз менингитіне шалдығу оқиғасы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап.


Алматы қаласындағы №165 мектеп-лицейінде сероз менингитіне шалдығу оқиғасы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап.

"2018 жылы 24 мамырда №165 мектеп-лицейі оқушыларының арасында сероз менингитіне шалдығудың бір оқиғасы тіркелді, диагноз клиникалық тұрғыда қойылды, ал зертханалық сараптамалардың нәтижелері шығарылып жатыр. Қайталану оқиғасы тіркелген жоқ, тұрғылықты жеріндегі байланыста болғандарға медициналық бақылау қойылды, ал мектеп оқушылары 25 мамырдан бастап жазғы демалыста", - делінген хабарламада.

Оқу орнында карантин жарияланған жоқ. Айта кетейік, сероз менингиті кезінде оның қажеті жоқ.

Балалар ұжымдарында эпидемияға қарсы шаралар жүріп жатыр. Олар: сероз менингитіне шалдығу күдігі бар науқастарды дер кезінде изоляциялау, байланыста болғандарды медициналық бақылау, дезинфекциялық режимді күшейту шараларын жүргізу.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментіндегілердің айтуынша, 2018 жылдың 25 мамырындағы жағдай бойынша, менингококтық жұқпаға шалдығу күдігімен инфекциялық станционарларға 50-ден аса адам барған.

Дәрігерлерге барғандардың 23-нде диагноз зертханалық түрде расталды, 6 адамда клиникалық негізде қойылып, барлығына ем тағайындалды, 3 науқас денсаулығының жақсаруына байланысты үйіне жіберілді. Бұл дерттен 4 адамның қайтыс болу оқиғасы тіркелді. 

Сероз менингиті энтеровирустардың жұғуы салдарынан болады. Ауру дене қызуының 38-40 градусқа дейін жоғарылауынан басталады, әлсіздік болып, бас ауырады, жүрек айнып, құсады, көз қарлығады.

Бұл белгілермен қоса жүрек, іш, бұлшық ет, тамақ ауыруы мүмкін, ұшық шығуы да ықтимал.

Кей жағдайда жоғарғы тыныс алу жолдарында қабынба әсерлер болуы мүмкін, тұмау, жөтел. Ауруға шалдығудың 1-2 күнінде бөртпе пайда болады, көбінесе қолда, аяқта, ауыз қуысында, ол 24-48 сағат бойы жүріп (кейде 8 күнге дейін), кейін ізсіз жоғалып кетеді.

"Бұл белгілер пайда болған сәтте бірден дәрігерге бару керек, кетіп қалады деп, өздігінен емделіп, күтудің қажеті жоқ", - деп кеңес берді дәрігерлер.

Энтеровирустар ластанған азық-түліктен, көкөністерден және жемістерден, судан, ашық суайдындарында, бассейндерде шомылу кезінде жұғуы мүмкін. Немесе тұрмыстық жолмен - вирусты таратушымен байланысқа түскенде немесе тұқым себуге қажетті үй заттары, ауа арқылы: жөтелген кезде, түшкіргенде бөлінетін сілекей мен қақырықтың тамшылары арқылы.

Аурудың алғашқы белгілері байқалған сәтте (тамақтың қызаруы, дене қызуының көтерілуі, бастың ауруы, әлсіздік) қаладағы инфекциялық стационарлардың қабылдау бөлімдеріне немесе ең жақын орналасқан емдеу мекемесіне бару керек.

Мәдени-көпшілік шараларға қатысуды, жүзу бассейндеріне баруды, сауда-ойын сауық орталықтарындағы ойын алаңдарына, спорттық үйірмелер мен шараларға баруды шектеу қажет. 

Жеке бас тазалығын сақтап, тамақ ішер алдында арнайы жуғыш заттармен қолды жақсылап жуу керек, біреумен сусынды, тамақты, балмұздақты, конфеттерді, сағыздарды ауыстырып алмау керек. Ғимараттың ішіндегі ауаны жиі тазартып, ұйымдасқан ұжымдарда күнделікті ылғалды жинау жұмыстарын жүргізу керек. Балабақшалар мен мектептерге ауырып тұрған баланы жіберуге болмайды. 

Дер кезінде медициналық көмекке жүгініп, дұрыс әрі уақытында ем алу ересектер мен балалардағы сероз менингитін тез және асқынусыз толық емдеп жазуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда бұл дерттен төрт адамның көз жұмғаны хабарланды. Олардың қатарында студент пен балабақшаға барып жүрген бүлдіршін бар.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети