Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматылық түлектер ҰБТ-ның бірінші күнінде рекорд орнатты

03 Маусым 2016, 09:10
1

Алматылық түлектер ҰБТ-ның бірінші күнінде рекорд жаңартты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. Тестілеу пункттерінің бірінде қатарынан бірнеше оқушы 125 балл алды.

Айта кетейік, 2015 жылы ҰБТ қорытындысы бойынша 125 баллды республика бойынша бес қана түлек алған еді, ал 2014 жылы бар болғаны төрт түлек жоғары нәтиже көрсеткен (Дереккөз: КТК)

Еске салайық, биыл тест тапсырмаларының базасы жаңарды. Биыл 50 балл жинай алмаған түлектер ақылы түрдегі кешенді тестілеуден өте алады.  

2016 жылы 121 092 оқушы мектеп тәмамдады. Олардың 83 330-ы қазақ тілінде білім беретін мектепті, ал 37 762-сі орыс тілінде білім беретін бөлімде аяқтады. ҰБТ-ға қатысу туралы өтінішті 86 991 адам берген, бұл еліміздегі жалпы түлектердің 82 пайызы (63021 - қазақ тілінде, 23970 - орыс тілінде).

ҰБТ қорытындысы - құпия сақталатын мәлімет. Оны жеке жеке сәйкестендіру номері (ЖСН) бойынша ғана алуға болады. Жинаған ұпай мен оқушылардың аты-жөндері ЖСН сандарымен өзгертіледі. Сонымен қатар, ҰБТ қорытындысы Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады (www.testcenter.kz). Сервиске кіру үшін ЖСН номерін және емтихан алдында берілетін жеке кодты енгізу қажет.

Қазақстандық түлектер ҰБТ-ны соңғы рет дәстүрлі форматта тапсырады. Келесі оқу жылынан бастап оқуды аяқтау және Жоғары оқу орындарына түсу емтихандары екі кезеңге бөлінеді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай