23 шілде 2020 19:50

Алматылық тұрғын қаладағы ауруханаларда орын жоғын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © REUTERS Фото: © REUTERS

Алматыда 52 жастағы тұрғын қаладағы ауруханалар науқастарды қабылдамай жатқанына шағымданды. Бұл туралы әйелдің қызы Дамира Арғымбаева Tengrinews.kz тілшісіне айтты.


Алматыда 52 жастағы тұрғын қаладағы ауруханалар науқастарды қабылдамай жатқанына шағымданды. Бұл туралы әйелдің қызы Дамира Арғымбаева Tengrinews.kz тілшісіне айтты.

52 жастағы әйел екіжақты пневмониямен ауырып жатыр екен.

Жұлдыз шағын ауданының тұрғыны Tengrinews.kz редакциясының WhatsApp желісіндегі нөміріне хабарласты. Ол анасының қант диабетімен ауыратынын, өткен аптада ыстығы көтеріліп, жөтеле бастағанын айтты.

Оның айтуынша, олар учаскелік дәрігерді шақырған. Бірақ ол емді үйде қабылдау керегін айтқан. Дәрігер науқасқа компьютерлік томографиядан өтуге кеңес бермепті. Соған қарамастан Дамираның анасы жеке клиникада медициналық тексерістен өткен. Тексеріс барысында 52 жастағы әйелде екіжақты пневмония екені, өкпесінің 25-50 пайызы зақымданғаны анықталыпты.

"Клиника жедел жәрдем қызметін шақырды. Бізге бұрын келген медицина қызметкері келді. Қыз мұндай диагноз кезінде науқас үйде емделетінін айтты. Жеке клиникадағы дәрігер онымен телефон арқылы сөйлесті. Алар анамды №4 ауруханаға алып кетті. Ол жақта бізді қабылдаған жоқ. Кейін теміржол ауруханасына немесе "Халық арена" ауруханаларына жіберді. Онда орын жоқ болып шықты", - дейді Дамира Арғымбаева.

Ол осы жағдайдан кейін дәрігерлермен ұрысып қалғанын жеткізді.

"Мен оларға "Бізді орталық қалалық клиникалық ауруханаға апарыңыздар" дедім. Олар маған "Жақсы, біз сіздерді апарамыз, бірақ күтпейміз, қалғанын өздеріңіз білесіздер" деді. Қазір анам №12 ауруханада тексерістен өтіп жатыр" - дейді науқастың қызы.

Дамира Арғымбаева анасының аурухана жатқызылатынын-жатқызылбайтынынан хабары жоқ екенін айтты.

"Мен қаладағы ауруханалардың 47 пайыз бос деген жаңалықты естідім. Бізді №4 аурухана қабылдаған жоқ. Бізді №12, теміржол ауруханасы, "Халық Арена" қабылдамауы мүмкін. Билік кімді алдап отыр? Мен қайда баруым керек? Кімнен көмек сұраймын? Анам қант диабетінің ауыр түрімен ауырады", - дейді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети