09 маусым 2021 16:37

Алматылықтар әл-Фараби бойындағы тұрғын үй құрылысына шағымданды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтар әл-Фараби даңғылы маңында салынып жатқан ірі құрылысқа шағымданды. Тұрғындар онда құрылыс салу ережелері бұзылған деп санайды. Шағымдарға BAZIS-A компаниясы жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылықтар әл-Фараби даңғылы маңында салынып жатқан ірі құрылысқа шағымданды. Тұрғындар онда құрылыс салу ережелері бұзылған деп санайды. Шағымдарға BAZIS-A компаниясы жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шағым Марков - Сейфуллин - әл-Фараби - Попов көшелері шаршысында салынып жатқан тұрғын үй кешеніне қатысты. Экобелсенді Салтанат Тәшімова Facebook-парақшасында құрылыс салушы құрылыс ережелерін бұзып қана қоймай, қала тұрғындарын алдағанын жазды.

"Сайтта бес үйдің суреті көрсетілген. Бірақ сату бөлімінде 27 үйдің құрылысы туралы айтылады. Құрылыс жақын маңдағы үйлердің бәрін жауып қалады. Тұрғындарға таулардың көрінісі бұрынғыдай көрінбейді. Оның үстіне таудан түсетін жолға тым жақын салынып жатыр...", - деп жазды ол

Құрылыс салушы компанияның мәліметі бойынша, тоғыз гектар аумақта үш кіреберісі бар үш, екі кіреберісі бар төрт және 12-ден 19 қабатқа дейінгі тоғыз бір кіреберісті үйлер салынып жатыр.

"Кешен аумағындағы ғимараттар ауа ағынына кедергі келтірмейтіндей орналасқан. Қазіргі уақытта құрылыстың бірінші кезегінде екі үйі салынды. 2-ші және 3-ші кезектің құрылысы жалғасып жатыр. Қала әкімдігі қол қойған меморандумға сәйкес, қалалық мектеп құрылысын салуға кірістік. Жаңа ғимарат екі ауысымда 600 орынды қамтамасыз етеді. Аумақта екі балабақша салынады, мұнда спорт кешендері, денсаулық сақтау орталықтары мен балалар студиялары, street retail бөлмелері қарастырылған", - деді компания өкілі.

Ұйым мәліметіне сүйенсек, жобаның ерекшелігі - көгалдандыру жүйесінде. Сондай-ақ, BAZIS-A компаниясының құрылысы кезінде ғимараттардың сейсмикалық төзімділігіне ерекше назар аударылған.

Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов тұрғын үй кешені 2018 жылы келісілгенін айтты.

"Ол мемлекеттік қала құрылысы кеңесінен өтті. Барлық нормаға сәйкес келеді. Оның ішінде барлық әлеуметтік инфрақұрылым бар", - деді Ахмеджанов.

Қаланың бас сәулетшісі жаңа тұрғын үй кешені таудың көрінісін жауып тұрады деген шағымдарға түсінік берді.

"Қараңыз біз кеңседе отырмыз, бұл жерден де таулар көрінбейді. Бірақ егер көшеге шығып, Жароков көшесінде тұрсақ, онда таулар көрінеді. Бұл ұғым субъективті. Елбасы қалада әл-Фарабидің оңтүстігіндегі ғимараттар биіктігі регламентін ұстануды тапсырды. Онда ғимараттардың биіктігі 12 метрден аспауы керек. Бұл ең көп дегенде үш қабат. Бұл әл-Фарабидің жоғары орналасқан үйлерге қатысты", - деді ол. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети