26 қаңтар 2022 12:32

Алматылықтар қандай онлайн-қызметтерді ала алмайды?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыдағы жағдайға байланысты жергілікті атқарушы органдардың 51 мемлекеттік қызметі "Электронды үкімет" порталында уақытша қолжетімсіз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментіне сілтеме жасай отырып.


Алматыдағы жағдайға байланысты жергілікті атқарушы органдардың 51 мемлекеттік қызметі "Электронды үкімет" порталында уақытша қолжетімсіз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментіне сілтеме жасай отырып.

Бүгінде мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, қаланың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтің 167 түрін көрсетуі тиіс.

"Сонымен қатар, бүгінде жергілікті атқарушы органдардың 51 қызметі "Электронды үкімет" порталында уақытша қолжетімсіз екені анықталды. Мысалы, кәсіпкерлік басқармасының 28 мемлекеттік қызметі мен жасыл экономика басқармасының 11 қызметі қолжетімсіз", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, мынадай мемлекеттік органдардың қызметтері қолжетімсіз:

Білім басқармасы - үш қызмет, олар:

  • "Құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау";
  • "Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттарды беру";
  • "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау № 80, 118, 172, 29, 98, 20, 59, 61").

Спорт басқармасы - екі қызмет:

  • "Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу";
  • "Қазақстан Республикасының спорт шеберіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын беру".

Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы - екі қызмет:

  • "Мемлекеттік әлеуметтік көмек тағайындау";
  • "Тұрғын үй көмегін тағайындау".

Тұрғын үй саясаты басқармасы - бір қызмет:

  • "Тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждарды кезекке қою".

Мәдениет басқармасы - бір қызмет:

  • "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәліктер беру".

Бұл ретте Мәдениет басқармасы мен "Алматы қаласының мемлекеттік мұрағаты" КММ-нің үш мемлекеттік қызметін көрсету қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы уақытша қағаз жеткізу арқылы жүзеге асырылады, олар:

  • "Мұрағат анықтамаларын, мұрағат құжаттарының көшірмелерін немесе мұрағат үзінділерін беру" (Алматы, Шуланов көшесі, 159);
  • "Көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" атағын беруге өтінімдер қабылдау";
  • "Мемориалды тақта орнатуға рұқсат беру" (Алматы, Достық даңғылы, 56).

"Аудан әкімдіктерінің мемлекеттік қызметтері бойынша бүгінде спорттық қызмет көрсету, әскерге шақыруды шегеру және азаматтарды әскерге шақырудан босату бойынша үш қызмет қолжетімсіз екенін хабарлаймыз. Сонымен қатар, АХАТ қызметтері қала тұрғындары ХҚКО аудандық бөлімдерінен ала алады. Алматы қаласы цифрландыру басқармасының ақпаратына сәйкес, бұл мемлекеттік қызметтерді "Электронды үкімет" порталы арқылы алу жақын арада қалпына келтіріледі", - деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети