01 наурыз 2022 09:23

Алматылықтар марқұм туыстарының бейітін қоршай алмай жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтар марқұм туыстарының бейітін қоршай алмай жүргендерін айтты. Себебі бейітке жақын орналасқан үй иелері оған қарсы болып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылықтар марқұм туыстарының бейітін қоршай алмай жүргендерін айтты. Себебі бейітке жақын орналасқан үй иелері оған қарсы болып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әңгіме Қарасай ауданындағы Көксай аулындағы зират туралы. Бұл жерде тұрғын үйлерге жақын орналасқан зираттар бар. 

"Тұрғын үйлер зират аймағы мен оның шекарасында орналасқан. Төрт алматылық олардың марқұм туыстары жатқан бейітті қоршамақ болған. Бірақ зираттың жанынан үй салып алған адамдар оған қарсы. Олар тіпті қоршауға мүмкіндік бермей отыр. Олардың үйінің жанына адам жерленгенін қаламайтынын айтады. Онда олар неліктен зираттың жанынан үй алды, жалпы кім және қандай негізде мемакт берді?", - дейді адвокат Қымбат Алмасова. 

Оның айтуынша, тұрғындарға акт берілгеннің өзінде олар зират шекарасынан өтпеуі керек еді. Адвокат былтыр тамызда санитариялық-эпидемиялық талаптар бекітілгенін атап өтті. Талап бойынша, зират пен тұрғын үй арасы 300 метрден кем болмауы қажет. Бұл арақашықтық санитариялық-қорғау аймағы деп аталады. 

"Уәкілетті орган жер телімін сататын кезде марқұмдардың туысының мүддесін ескеруі керек еді және жер учаскесінің иелерін ескертуі керек еді. Біз барлық норма мен заң бұзылып зират маңынан жер берілгенін тексеруімізге негіз бар деп ойлаймыз. Олардың үйі зиратқа өте жақын орналасқан, бұл дұрыс емес. 

Антикоррупция қызметіне берген өтінішіміз үнсіз қалды. Одан бөлек, Іргелі ауылдық округінің әкімдігіне бардық. Бірақ жауап ала алмадық", - дейді Қымбат Алмасова.  

Іргелі ауылдық округі әкімдігінің өкілдері зират олардың балансына жататынын айтты. Ведомство мәліметінше, зиратқа жақын орналасқан жер учаскелері 2013 жылы Қарасай ауданы әкімдігінің шешімімен берілген. 

"Бірақ жер учаскелері ауылдық округтің шетінде орналасқан", - делінген округ әкімі Абылай Ысқақов қол қойған жауапта. 

Сондай-ақ, Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміндегі жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Санитариялық-қорғау аймағында тұрғын үй және қоғамдық ғимарат салуға болмайды. Жер қатынастары саласындағы мәселелерді реттеу әкімдердің құзыретіне жатады", - деді ведомство өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети