03 желтоқсан 2021 12:46

Алматылықтар су ағып жатқан метро станциясын көрсетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтар су ағып жатқан метро станциясын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ақпарат 1 желтоқсанда Facebook желісіндегі "Алматы. Что? Где? Когда?" тобында жарияланды. 


Алматылықтар су ағып жатқан метро станциясын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ақпарат 1 желтоқсанда Facebook желісіндегі "Алматы. Что? Где? Когда?" тобында жарияланды. 

"Бүгін мен "Жібек жолы" станциясында болдым. Еден тазаланбаған, лас жатыр. Сонымен бірге "абайлаңыз, дымқыл еден" деген белгілер болды. Мен жан-жағыма мұқият қарап ағып жатқан суды көрдім. Су қабырғалар мен төбеден ағып жатты", - деп жазды Александр Герасименко.

Қала тұрғындары тасқынға жер асты сулары себеп болуы мүмкін деген болжам айтты.

"Егер мен дұрыс түсінсем, қабырғалар мен еденге із қалдырған төбеден аққан су. Аққан су көрінбес үшін қабырғаларды табиғи тастармен әсемдегенін көруге болады. Жарайды, бұл үшін рақмет. Мені дәл қазір басқа мәселе алаңдатады. Алматылықтар не істеуі керек? Станцияны су басып қалу қаупі бар ма? Әлде төбеден аққан суға шелек пен шүберек қою қалыпты нәрсе ме?", - дейді жазба авторы.

Алматы метросының баспасөз қызметі мән-жайды түсіндірді.

"Жібек жолы станциясының ортаңғы туннелінде Назарбаев даңғылы, 77 мекенжайындағы үйдің жертөлесінде және Назарбаев даңғылы мен Жібек жолы көшелерінің қиылысында жер асты өткелінде кәріз құбырының істен шығуы салдарынан су аққан. Қазіргі уақытта барлығы ретке келді. Метроны су басу қаупі жоқ", - деп хабарлады Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети