22 сәуір 2024 16:26

Алматылықтардан алдағы күндері мұқият болу сұралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Алматыда жыл сайынғы жылу желілерін сынау өткізіледі. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан аса сақ болу сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда жыл сайынғы жылу желілерін сынау өткізіледі. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан аса сақ болу сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылғы 24 сәуірден 15 мамырға дейін Алматының барлық аудандары аумағында жылу желілерін гидравликалық сынау жүргізіледі.

"Бұл күндері күн сайын сағат 04:00-ден 07:00-ге дейін магистральдық және тарату құбырларын тексеру тікелей жүргізілетін кезде қала тұрғындары мен мегаполис қонақтарына өте мұқият болуға, қарапайым сақтық ережелерін сақтауға кеңес береміз! Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан, кенеттен оқыс жағдайлар болып қалуы мүмкін: судың сыртқа ағуы,жол жабындысының ішінара бұзылуы және т. б." - делінген хабарламада.

Мұндай оқыс жағдайларда ешқандай дербес әрекет жасамау, оқиға орнынан дереу кетіп, ол туралы "Алматы жылу желілері" ЖШС-не 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), call-орталық: 341-07-00 немесе 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014), сондай-ақ 109 телефондары арқылы хабарлау сұралды.

Жылу желілерін сынау кестесі

24 сәуір

  • Алмалы және Жетісу аудандары: Райымбек-Бродский-Рысқұлов-Сейфуллин;
  • Наурызбай ауданы: Райымбек-Жүнісов-Абай-Алтын Орда;

24 және 25 сәуір

  • Алмалы және Әуезов аудандары: Ұлықбек-Рысқұлбеков-Саина-Үлкен Алматы өзені;

24-26 сәуір

  • Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары: Бөгенбай батыр-Мұратбаев-Мақатаев-Сейфуллин - Тобаяқов-Назарбаев-Мәметова-Уәлиханов;

24-28 сәуір

  • Жетісу және Түрксіб аудандары: Рысқұлова-Сейфуллин - Солтүстік айналма - Бурундай;

25 сәуір

  • Алатау ауданы: Мөңке би - Момышұлы-Райымбек-Фариза Оңғарсынова.

25 және 26 сәуір

  • Әуезов ауданы: Ұлықбек - Жандосов-Саин-Сәдуақасов;

26 сәуір

  • Алатау ауданы: Райымбек-Отырар-Рысқұлов-Немирович-Данченко;
  • Алмалы ауданы: Чокин-Петров-Қарасай батыр-Райымбек;

27 сәуірден 14 мамырға дейін

  • Бостандық ауданы: Асқаров-Мирас шағынауданы - "Алматы" шипажайы-Саин-әл-Фараби - Қазақфильм шағын ауданы - Рысқұлбеков-Каблуков-Басенов - Өтепов-Розыбакиев-Жароков - Алмагүл шағын ауданы - Ходжанов-ҚазҰУ-Тимирязев-Ганди-Назарбаев;
  • Лисянский-Розыбакиев-Жароков - Экспериментальды база - Ходжанов-әл-Фараби-Алмагүл шағын ауданы;
  • Орбита-1, Орбита-2, Орбита-3, Орбита-4 шағын аудандары - Саин - Рысқұлбеков - Розыбакиев - Үлкен Алматы өзені-Өтепов-Жарокоа-Басенов;
  • Медеу ауданы: Тайманов - Чайкина-Достық-Меңдіқұлов-Әл-Фараби - Жолдасбеков - Достық - Байжанов-ІІМ санаторийі.

29 сәуір

  • Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр-Мақатаев-Розыбакиев-Шәріпов;

29 және 30 сәуір

  • Наурызбай ауданы: жобаланатын-Айтбаева-Райымбека-Алтын Алаш;
  • Әуезов, Бостандық және Наурызбай аудандары: Төле би-Сәтбаев - Әшімов-Ислам Кәрімов;

29 сәуірден 2 мамырға дейін

  • Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары: Сейфуллин - Рысқұлов -Жангелдин - Райымбек - Куратов - Гоголь;

2 және 3 мамыр

  • Алмалы және Бостандық және Медеу аудандары: Гоголь-Қорған-Сәтбаев-Чайковский;
  • Алмалы және Әуезов аудандары: Қарасай батыр-Райымбек - Яссауи-Емцов.

3 мамыр

  • Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр - Тимирязев-Шағабутдинов-Розыбакиев;

6 мамыр

  • Алмалы және Бостандық аудандары: Қабанбай батыр-Жандосов -Варламов-Айманов;
  • Алатау ауданы: Мөнңе би - Момышұлы-Фариза Оңғарсынова-Зерделі шағын ауданы;

7 мамыр

  • Алатау ауданы: Аққайнар-Мамбетова кенті- ҮАК-ның оңтүстік жағы;

13 мамыр

  • Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр-Өтепов-Розыбакиев-Байзақов;

13 және 14 мамыр

  • Алмалы және Бостандық аудандары: Әйтеке би-Панфилов - Шевченко-Желтоқсан-Сәтбаев-Байтұрсынов;

14 және 15 мамыр

  • Алмалы және Бостандық аудандары: Панфилов-Абай-Желтоқсан-Тимирязев - Гоголь-Есентай өзені;

"Аталған аумақтардың контурында тұратын барлық тұтынушыларға ыстық сумен жабдықтау толығымен сақталатын болады. Гидравликалық сынақтар қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жылу желілерінің, олардың жабдықтарының жай-күйін тексеру және құбырлардың проблемалық учаскелерін анықтау үшін жүргізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз!" - делінген "Алматы жылу желілері" хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети