04 мамыр 2020 17:16

Алматылықтарға көшеде жүруге рұқсат етілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Алматы қаласының полиция департаменті қала ішіндегі бекеттердің алып тасталғанын және енді тұрғындарға қалада жүруге рұқсат берілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласының полиция департаменті қала ішіндегі бекеттердің алып тасталғанын және енді тұрғындарға қалада жүруге рұқсат берілгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қала аумағында енді жүре беруге болады, ол адам базада тіркелмеген болса да, көшеде жүруге рұқсат бар. Алайда гигиена ережелері мен коронавирус инфекциясынан қорғану ережелерін сақтауды ұмытпау керек", - деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Мұның алдында Алматыда қала ішіндегі бекеттердің алып тасталғаны айтылған еді. "Алматы қалалық полиция департаменті карантин режимінің жеңілдеуіне, сондай-ақ көптеген нысанның жұмысы қайта қалпына келуіне байланысты қала ішінде орналастырылған тосқауыл қою (фильтрация) посттарының жұмысы тоқтатылғанын хабарлайды. Қазір патрульдік полицияның ресурстары азаматтардың көп шоғырланған жерлерінде (кішігірім саябақтар, алаңдар) тәртіпті және карантин режимін сақтауды бақылауға бағытталған. Сондай ақ, бұл қызметкерлер жаяу патрульдеу жұмыстарына қатысады", - делінген еді ПД таратқан хабарламада. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети