24 қараша 2022 10:49

Алматыны жаңбырдан кейін қалың тұман басты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы мен қала маңын қалың тұман басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы мен қала маңын қалың тұман басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматылықтар 23 қарашаға қараған түннен бері қаланы қалың тұман басқанын жазып жатыр. Түнде және таңертең қалың тұманнан жолдарды көру нашар болды.

Таңертеңнен бастап көшелерде көру мүмкіндігі жүздеген метрден аспады. Мұндай көріністі қалаға жақын маңда, "Асыл Арман" тұрғын үй кешені ауданында да байқауға болады.

Алматылық синоптиктер қарашаның ортасында қалада 5-10 күн бойы тұман сақталады деп мәлімдеді. Бақылау бекеттері тұманды 17-22 күн бойы тіркейді.

"Бұл тұман республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысындағы аумақтар Моңғолия үстінде орналасқан антициклонның батыс шеткі бөлігінің ықпалында болғанымен байланысты. Бұл құбылыс қала үшін таңсық емес", - деді Дәулет Қисебаев, "Қазгидромет" РМК филиалының өкілі.

Синоптиктер мәліметінше, Алматы облысының басым бөлігінде тұман байқалды. 24 қарашаға қараған түні тұманға байланысты ескерту жарияланды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Синоптиктер 24 қарашада тұман басылуы керек деп атап өтті. 26-27 қарашада қайтадан тұман түсуі мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети