25 наурыз 2020 15:59

Алматының бас санитар дәрігері карантин шарттарын бұзды деген айыптауға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: almaty.gov.kz Сурет: almaty.gov.kz

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова карантин шарттарын бұзуға қатысты айтылған айыптауларға жауап берді және неге ауруханада 14 күн оқшауланбағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова карантин шарттарын бұзуға қатысты айтылған айыптауларға жауап берді және неге ауруханада 14 күн оқшауланбағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"13 наурыз күні түсте ұшақта алғашқы науқас болғаны анықталды, онымен бір рейспен ұшып келдік. Шынында да, мен үй карантиніне жаттым. Яғни 10 мен 24 наурыз аралығында 14 күн. Осы уақыт бойы мен үй карантинінде болдым", - деп түсіндірді Молдағасымова.

Молдағасымова ауруханада оқшаулануы тиіс екендігі туралы ақпаратты жалған деді. 

"10 наурызда 9 наурыз күні қабылданған мүлдем басқа қаулы жұмыс істеген,  Германия коронавирус тараған екінші санаттағы ел болған, адамдар тек қоңырау шалу арқылы бақылауға алынды. Мен Германияның транзиттік аймағында бір жарым сағат уақыт болдым, шын мәнінде мүлдем басқа елден ұшып келдім, ол ешқандай санатқа кірмейді", - деді Молдағасымова.

Сондай-ақ, бас санитар дәрігер науқаспен байланысқан соң екі рет коронавирусқа тест тапсырғанын айтты. Екеуі де теріс нәтиже көрсеткен. Ол өзін жақсы сезінетінін жеткізді.

"Емхана дәрігерінің шешімі бойынша, мен үй карантинін аяқтағаныма байланысты жұмысқа шыға аламын", - деп толықтырды ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети