03 шілде 2021 20:57

Алматының бас санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қала аумағында коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қала аумағында коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аудан әкімдері, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, "Атамекен" ӨКП (келісім бойынша), ұйымдар мен мекеме басшылары бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 2021 жылғы 1 шілдедегі қаулысының орындалуын қамтамасыз етуі керек.

Соңғы 3 ай ішінде COVID-19 жұқтырып, ауырып шыққан және вакцинаның толық курсын алғандардан басқа мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне ай сайын зертханалық тексеруден өту туралы тармақ алып тасталады.

Қалалық жағажайлар мен ашық бассейндер, қаулыға сәйкес, 7.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді, келушілер әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып ASHYQ арқылы кіреді.

Театрлар, кинотеатр және филармония залдары тек 30 пайызға, ал концертке арналған залдар 10 пайызға толуы тиіс. 

ХҚКО-лар жұмысының уақыты, жексенбіден басқа, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін шектеледі. Алдын ала жазылу керек. 

Қаулы 2021 жылы 4 шілдеден бастап күшіне енеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.66   490.7   4.89 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети