14 наурыз 2020 15:23

Алматының бас санитарлық дәрігері карантинге жатқызылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: 24.kz Сурет: 24.kz

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Айзат Молдағасымова коронавирус анықталған Германиядан келген жолаушымен бір ұшақта болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Айзат Молдағасымова коронавирус анықталған Германиядан келген жолаушымен бір ұшақта болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының бас санитарлық дәрігері карантинге жатқызылды

Бұл туралы ақпарат 14 наурызда Facebook-те пайда болды. Tengrinews.kz тілшімен телефон арқылы сөйлескен Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы 10 наурызда Франкфурттен ұшып келгенін растады. Айта кетейік, бұған дейін коронавирус 9 наурызда Германиядан Алматыға ұшып келген ер адамнан табылған. Санитарлық дәрігердің айтуынша, ұшақ шын мәнінде Қазақстанға 10 наурызда қонған, 9 наурыз - лайнердің ұшып шыққан күні.

"Коронавирус жұқтырған адаммен ұшқаным белгілі болғаннан кейін мені жұқпалы аурулар ауруханасына оқшаулады. Кеше ғана тест нәтижесін алындым, теріс болды", - деді Молдағасымова.

Бас санитар Қазақстанға "карантиндеуге жатпайтын" басқа елден Германия арқылы транзитпен ұшып келген. Оның айтуынша, басқа елге жеке істері бойынша барған, науқас анасын ауруханаға ресімдеген.

Молдағасымова қазіргі уақытта үй карантинінде жатқанын хабарлады. "Енді екінші нәтижені күтемін, кейін жұмысқа шығамын. Мен байланыс жасаған адамдарға келетін болсақ, барлығынан талдау алынды, нәтижесі теріс" , - деді ол.

Молдағасымова қорқыныш сезімі тумағанын айтты, себебі ауырған адаммен тығыз байланыста болмаған.

"Бұл оба емес қой, вирустық инфекция. Менің ойымша, ол үлкен қауіп төндірмейді. Коронавируспен ауырғандар саны тұмауратқандардың санынан аспайды. Бұның жаңа вирус екені ғана қорқытады. Екінші жағынан, бұған дейін шошқа және құс тұмауы сияқты жаңа инфекциялар болған, сондықтан дүрлікпе тараған ақпараттардың әсерінен пайда болды деп ойлаймын", - деп атап өтті ол.

Алматы мен Нұр-сұлтанда коронавирус жұқтырғадардың жалпы саны алтауға жетті.

Еске салайық, 13 наурызда Қазақстанда 1974 және 1984 жылғы адамдар коронавирус жұқтырғаны анықталды. Олар Германиядан 9 наурызда және 12 наурызда келген. Науқастар жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. 

Үшінші науқас 12 наурызда Миланнан Нұр-Сұлтан қаласына келген. Лабораториялық анализ бойынша азаматтан коронавирустық инфекция анықталды. 

Төртінші коронавирус жұқтырған науқас - Алматы қаласының 1976 жылғы тұрғыны. Ер адам 13 наурызда Германиядан ұшып келген.

Тағы бір қазақстандық науқас Германияда

14 наурызда коронавирус жұқтырған тағы екі адам анықталды. Олардың бірі 1958 жылғы ер адам, ол Алматыда. 10 наурызда Мәскеуден Алматыға ұшып келген. Екіншісі Нұр-Сұлтандағы әйелден табылды. Ол Варшавадан (Польша) ұшып келген. 

Айта кетейік, бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин елімізге қауіпті дерт 11-16 наурыз аралығында келуі мүмкін деп болжам жасаған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети