29 мамыр 2023 10:32

Алматының бірнеше көшесінде күзге дейін жол қозғалысы шектеледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының бірнеше көшесінде күзге дейін жол қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының бірнеше көшесінде күзге дейін жол қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы жылу жүйесі" ЖШС Алматы қаласының бірнеше көшелері бойынша автомотокөлік қозғалысына шектеулер жылу желілерін жоспарлы қайта құрылымдауға байланысты енгізілетінін мәлімдеді.

Жол жүруге шектеу қойылатын аудандар төменде:

  • 29 мамырдан 30 тамызға дейін Алмалы ауданында - Бөгенбай батыр көшесінің солтүстігіне қарай Байтұрсынов көшесінен Наурызбай батыр көшесіне дейін аула ішілік аумақ бойынша.
  • 31 мамырынан 1 тамызына дейін Жетісу ауданында - Расков көшесінен Есенов көшесіне және одан әрі Колпаковский көшесімен №143 мектеп-лицей ғимаратына дейін.
  • 1 маусым мен 30 тамыз аралығында Әуезов ауданында - Шаляпин көшесінің солтүстігіне қарай Момышұлы көшесінен Саин көшесіне дейінгі аула ішілік аумақ бойынша.

Енгізілген шектеу аталған көше сегменттерінің жүріс бөлігінің астында өтетін құбырларды қайта құрылымдау бойынша жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет екені айтылған.

"Тұрғындарға қолайлы жағдайды сақтау үшін олардың үйіне ыстық су уақытша схема бойынша беріледі.

Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және аталған қалалық учаскелерді айналып өту жолын алдын ала қарастыруды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.66   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети