21 қыркүйек 2016 | 13:01

Алматының медициналық қызметтері Универсиада-2017-ге толық дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматының медициналық қызметтері Универсиада-2017-ге толық дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Универсиада-2017 сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматының медициналық қызметтері Универсиада-2017-ге толық дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Универсиада-2017 сайтына сілтеме жасап. 

2017 жылғы қысқы Универсиада аясында жұмыс сапарымен келген шетелдік делегаттар Алматы ауруханаларына арнайы барып, ондағы жағдаймен танысты.

Шетелдік делегация тобы Алматы қаласындағы 4-ші қалалық ауруханаға, Қалалық жедел-жәрдем ауруханасына бас сұқты. Бұл ауруханалар барлық озық технологиямен жабдықталып, шетелдерде тәжірибеден өткен білікті мамандар қызмет атқарады. Аталған емдеу мекемелері жоғары мамандандырылған. Алматы қаласының тұрғындары және республиканың әр түкпірінен келгендерге шұғыл және жоспарлы түрде медициналық көмек көрсетеді.

Сондай-ақ, Ұлыбритания ұлттық студенттер спорттық федерациясының медициналық комитетінің жетекшісі Эджэи Абосидэ Олугбоинва ауруханадағы жабдықтарды көріп, жоғарғы бағасын берді.

"Біз қаладағы ауруаналарды көріп, жақсы ойда қалдық. Барлық палаталар озық үлгідегі техникалармен жабдықталыпты. Ал мамандардың біліктілігі жоғары екеніне көз жеткіздік. Жарыс кезінде спортшылар үшін барлық көмек көрсетілетініне сенімдімін", - деп өзін ойын білдірді Эджэи Абосидэ Олугбоинва.

Делегаттарға жедел медициналық көмек көрсету станциялары да көрсетілді. Олар автоматтандырылған жүйе мен жаңа жедел жәрдем машиналарымен танысты. АҚШ студенттер спорты федерациясы медициналық комитетінің жетекшісі Рональд Олсон Универсиада кезінде шұғыл көмектің аса қажет екенін айтады.

"Кез-келген сәтте спортшы құлап, жарақат алуы мүмкін. Ал, оған, шұғыл көмек көрсету аса маңызды. Медицина қызметкерлерін көріп, олардың ақжарқын жандар екеніне көзім жетті. Бұл да аса қажетті фактор. Меніңше, бәрі ойдағыдай болады", - деді доктор Олсон.

Cонымен қатар, Алматы қаласы әкімдігінің шешімімен Универсиадаға 40 жедел-жәрдем көліктері жұмылдырылмақ. Оның 8-і реанимобиль көліктері екен. Ал медициналық көмек көрсету үшін Алматы қаласының 8 стационары жұмылдырылады.

"Біздің медицина қызметкерлері Универсиадаға сақадай сай дайын. Барлық бағытта шұғыл көмек көрсете алатын деңгейде. Олардың дені ағылшын тілін меңгеріп, біліктілігін арттырып жатыр. Ауруханаларымыз барлық озық үлгідегі медициналық құралдармен жабдықталған. Біз Универсиада кезінде дәрігерлерді ғана емес, сондай-ақ медициналық колледже оқитын студенттерімізді де еріктілер ретінде пайдаланамыз", - деді Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Уәлихан Ахметов.

Ойындарды өткізу уақытында Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының, Спорттық медицина және оңалту орталығының, "Катастроф" медицина орталығының, "КазАвиоСпас" оңтүстік аймақтық филиалының медициналық мамандары, сондай-ақ ағылшын тілін білетін еріктілер ретінде медицина уиверситеттерінің студенттері мен түлектері тартылатын болады.

Ал атлетикалық ауылда спортшылар мен аккредиттелген тұлғаларға амбулаторлық көмек көрсету үшін медициналық орталық (спорттық дәрігерлер, травматолог-дәрігерлер және басқа мамандар, зертханалық-диагностикалық блок, изолятор, дәріхана) және сауықтыру-оңалту іс-шаралары (физиотерапия, ЛФК, массаж) жұмыс істейтін болады. Шұғыл науқастар үшін Универсиаданың ресми ауруханаларына кедергісіз қабылдау ұйымдастырылатын болады.

Құтқарушы дәрігерлер үшін спорттың қысқы түрлері үшін медициналық көмек көрсету және тау дайындығы бойынша оқыту, сонымен қатар медициналық қызметкерлер үшін спорттық медицина және допингке қарсы кодекс бойынша оқытатын тренинг-семинарлар жүргізілетін болады.

Медициналық көмек көрсету жағдайларын тіркеу ағылшын тілінде арнайы формада (анықтама карточкасы) толтырылуы керек. Қазіргі уақытта медициналық қызметкерлердің 130 астам қызметкерлері ағылшын тілін оқиды.

Әрбір спорттық жарыс нысанында және Атлетикалық ауылда допинг-бақылау станциялары ұйымдастырылатын болады.2017 жылғы Универсиада дирекциясы FISU медициналық комитетімен бірлесе отырып, Алматы қаласындағы 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың допинг-бақылау рәсімдерін, сондай-ақ спортшыларды тестілеуді бөлудің жоспарын әзірледі. Допинг бақылау рәсімдері тестілеуге арналған Дүниежүзілік допингке қарсы күрес кодекстің және Халықаралық стандарттың ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Еске салайық, осыған дейін Алматыда Универсиада-2017 хоккей турнирінің жеребесі тартылған болатын. Шайбалы хоккей жарыстарына барлығы 12 ер және 7 әйел командасы қатыспақ. Ерлер командасы 4 командадан тұратын 3 топқа, ал әйелдер тобында 4 команда, В тобында 3 команда болып 2 топқа бөлінді. Қазақстан Ойындарды өткізіп отырған қожайын ел ретінде А тобында нөмір бірінші команда болып жарысқа түсетін болады.Ерлер құрамасы арасында жеребе тарту нәтижелері келесідей: А тобында Қазақстан,Чехия, Швеция, Қытай өнер көрсетеді. В тобының құрамына Канада, Словакия, АҚШ, Ұлыбритания, С тобына Ресей, Жапония, Корея, Латвия кірді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети