05 қыркүйек 2023 16:30

Алматының орталығындағы атыс: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Дәрігерлер Алматы бизнес-орталығында атыс кезінде зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Дәрігерлер Алматы бизнес-орталығында атыс кезінде зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, орталық қалалық клиникалық ауруханаға екі науқас түскен.

Ауруханаға түскен бірінші науқастың сол аяғының төменгі жағында оқ жарақаты болған. Бас миының жарақаты, маңдай сүйегінің басылуы секілді белгілер де болған. Ол нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Қазір жағдайы бірқалыпты, басына ота жасауға дайындық жүргізіліп жатыр.

Екінші науқас ауруханаға іш қуысының оқ жарақатымен ауыр жағдайда қабылданған. Оң қолына оқ тиген. Іш қуысындағы қан кетуді тоқтату үшін шұғыл ота жасалған. Қазір ол хирургия бөлімінде, жағдайы ауыр, тұрақты.

Еске салайық, 3 қыркүйекте сағат 00:30 шамасында Әл-Фараби-Назарбаев көшелері қиылысындағы "Сансет" мекемесінде атыс болған. Бетперде киген төрт адам оқ жаудырған. Бұл деректі Бостандық аудандық Полиция басқармасындағылар тіркеп, тексеру жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети