Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Алматының орталық саябағында дельфинарий мен мұзайдын салынады

01 Маусым 2014, 19:17
1
Алматыдағы Орталық мәдени және демалыс саябағында Дельфинарий салынады
Алматыдағы Орталық мәдени және демалыс саябағында Дельфинарий салынады

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Орталық мәдениет және демалыс саябағында салынғалы отырған дельфинарий мен мұзайдын жобасының эскизін мақұлдады, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нысанның жалпы аумағы 7300 шаршы метрді құрайды. 750 орынға есептелген Дельфинарий аумағы 1000 шаршы метр, ал мұзайдынның сыйымдылығы 900 адамға арналған. 2014 жылдың соңына дейін жобалау жұмыстары аяқталып, құрылыс жұмыстары басталатын болады.

Есімовтің айтуына қарағанда, бұл нысандар әлеуметтік-мәдени маңызға ие болмақ. Мәселен, дельфинариде түрлі ауруға шалдыққан балалар сауықтыру-емдеу курсынан өтетін болады.

Қазіргі уақытта Орталық мәдени және демалыс саябағында қайта жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. 10 мың шаршы метр аумақты көгалдандырып, гүлзарлар жасалып, демалушылар отыратын 200 орындық орнатылды. Одан бөлек амфитеатр қайта жөндеуден өтіп, жаңа автокөлік тұрағының құрылысы жүргізілуде.

Еске саламыз, ОМжДС қаланың коммуналдық меншігіне қайта өткен болатын.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай