07 желтоқсан 2014 | 20:44

Алматының таулы аудандарында қардың биіктігі 60 сантиметрден асты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Сағат 18.00-дегі мәлімет бойынша Алматыда жауған қардың биіктігі 17 сантиметрге жетті, ал таулы аудандарда 60 сантиметрден асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Сағат 18.00-дегі мәлімет бойынша Алматыда жауған қардың биіктігі 17 сантиметрге жетті, ал таулы аудандарда 60 сантиметрден асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқарманың мәліметінше, қала көшелерін қардан тазалауға 473 арнайы техника жұмылдырылды. Жолдарды 837 адам тазартып жатыр. Күннің екінші жартысында көктайғаққа қарсы 2837 тонна қоспа пайдаланылды, көшелерге бүгін барлығы 8037 тонна құм-хлоридті қоспа себілді. Таңертеңнен бері 2290 текше метр қар қала сыртына шығарылды. 

Осы жұмыстардың арқасында көктайғақтың қалыптасуына жол берілмеді. Сағат 22.00-де полиция қызметкерлерінің жетегімен қар күрейтін колонна ұйымдастырылады. Түнгі мезгілде қала сыртына қар шығаруға тағы 100 арнайы техника қосымша жұмылдырылады. 

Еске сала кетейік, Алматыда 7 желтоқсанда сағат 06.00-ден бері қар жауа бастаған еді. Синоптиктердің болжамына қарағанда, қар түнде де тынбай жауады. Сынап бағанасы түнде 10 градус аязды көрсетеді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети