26 шілде 2014 17:01

Алматының тауында өрт боп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тауында өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазіргі уақытта Алматының Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндірушілер болған жайды әлі бағалап үлгермегендіктен орын алған төтенше оқиға жайында кең мағлұмат беруден бас тартып отыр.


Алматы тауында өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазіргі уақытта Алматының Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндірушілер болған жайды әлі бағалап үлгермегендіктен орын алған төтенше оқиға жайында кең мағлұмат беруден бас тартып отыр.

Жалғасы

Іле Алатау ұлттық паркінде ҚР Төтенше жағдай министрлігі өрт сөндірушілер мен шұғыл әрекет ету қызметі мамандары жиналатын штаб құрған болатын. Штабта өрттің шығу қаупін тексеріп жатқан шамамен жүздеген адам бар. Дәл қазіргі уақытта штаб жанында Tengrinews TV түсіру тобы жүр. Тілші Дінмұхаммед Қалиқұлов мәлімдегендей, өрт табиғи қорықтан 10 шақырым жерде орын алған. Қазір өрт сөнірушілер отты "Қазәуеқұтқару" тікұшағы көмегімен сөндіруде. Бұл жалынды ауыздықтаудың бірден-бір тиімді амалы боп тұр. Өрттен зардап шеккендер немесе мертіккендер туралы әзірге мәлімет жоқ.

Tengrinews TV тілшісі атап өткендей, Іле Алатау табиғи қорығының маңында барлық тіршілік қалыпты жағдайда өрбуде.  Бұл арада бірнеше шақырым жерде бірдеңе өртеніп жатқандығы туралы ешкім ештеңе айтпайды. Өрт түтінін алыстан, мәселен қаладан байқауға болады.

Алдында өрт қауіпсіздігіне байланысты қалалық өрт инспекциясы департаментінің инспекторлары және Іле-Алатау ұлттық паркі күзетшілері бірігіп таудың етегін жан-жақты шолып шықты, демалушыларға өрт қаупі туралы буклеттер таратылды деп хабарланған. Алматы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жылдың басынан бері Алматы тауларының қураған алқаптарының отқа орануы бойынша 177 факті тіркелген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети