Алматылықтар Ресей консулдығына гүл қойып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтар Ресей консулдығына гүл қойып жатыр © Тengrinews.kz

Алматылықтар Ту-154 ұшағының апатқа ұшырап, қаза тапқандарды еске алу үшін Ресей консулдығына гүл қойып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Гүл шоқтарынан бөлек, алматылықтар консулдықтың қақпасына "Қайғылымыз" деген жазуы бар қағаздарды іліп жатыр. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтар Ту-154 ұшағының апатқа ұшырап, қаза тапқандарды еске алу үшін Ресей консулдығына гүл қойып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Гүл шоқтарынан бөлек, алматылықтар консулдықтың қақпасына "Қайғылымыз" деген жазуы бар қағаздарды іліп жатыр. 

Ресей консулдығы Жандосов көшесінде орналасқан. 

Сондай-ақ Ресейдің Астанадағы елшілігіне де гүл шоқтарын қойып жатыр.

 

"Біз барлығына айтамыз: Ресей билігіне де, жақындары мен туыстарына да, біз әрдайым бұл қайғыда сіздермен біргеміз", - деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

26 желтоқсан - Ресейде жалпыұлттық қаралы күн болып жарияланды.

Еске салайық, РФ Қорғаныс министрлігінің ұшағы жексенбіде, 25 желтоқсанда таңғы уақытта апатқа ұшыраған болатын. Лайнердің бортында 92 адам болған. Олардың ішінде, Александров атындағы ансамбльдің 68 музыканты, БАҚ-тардың 9 өкілі ("Звезда" телеарнасы, НТВ және Первый канал), алып келе жатқан 6 адам және экипаждың 8 мүшесі бар.

РИА Новости мәліметінше, Ту-154 ұшып шыққаннан кейін жеті минут өткенде апатқа ұшыраған. Ұшақ Қара теңіздің Анапа жағалауына жақын маңда құлаған. Лайнердің қирандысы бір жарым шақырымға шашылған, олар 50-100 метр тереңдікте. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети